...

Meirambek Besbayev – Құпия ТЕКСТ

Қарға жаздым атыңды еріп кетті,
Суға жаздым атыңды кеуіп кетті.
Құмға жаздым атыңды, жел өшірді,
Жазып едім қағазға жанып кетті.

Жанымдасың, жаным-ау, жадымдасың,
Сенсіз қалай тамырым дамылдасын.
Жазам енді жүрекке есіміңді,
Ондай қалам табылсын, табылмасын.

Атыңды атап, жаным-ау, аскар астым,
Атыңды атап жаңғырттым аспан астын.
Есіміңді өлеңге айналдырып,
Қорғасын қып құйдыртып, тасқа бастым.

Жанымдасың, жаным-ау, жадымдасың
Сенсіз қалай тамырым дамылдасын.
Жазам енді жүрекке есіміңді
Ондай қалам табылсын, табылмасын.

Қорғасын да балқыды, тас мүжілді,
Тозбас деген үмітім босқа үзілді.
Жырым менің сүртпеді орамал боп,
Жаңбырлатып жуғанда жас жүзімді.
Өшіп қапты, таңертең табылмады,
Жыршымын деп жүрсем де қабырғалы.
Өшпестей жазуға есіміңді
Жүрегімнен басқа орын табылмады.

Іңкәр қылып өзіңе жаратқасын,
Түн қойнына бұрдым мен сан ат басын.
Көкке жаздым жұлдызды әріп қылып,
Өшіп қапты бірақ та таң атқасын.

Жанымдасың, жаным-ау, жадымдасың
Сенсіз қалай тамырым дамылдасын?
Жазам енді жүрекке есіміңді
Ондай қалам табылсын, табылмасын.

мейрамбек,беспаев,бесбаев,купия
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх