Meirambek Besbayev — Уәде ТЕКСТ

verse:
Қатеңді кешіріп сенің,
Адал дос айта алады.
Өткеннің өкініштерін
Кім саған қайтарады.
Көңілді шайқаған желік,
Ісіңнен байқалады.
Қонбайды қайтадан келіп,
Жігіттің тайса бағы.

chorus:
Ермін деп көкірек керме,
Уәдеңде тұра алмасаң.
Соңынан есіліп демде,
Түлкідей бұлаңдасаң.
Жүгініп өтіріктерге,
Әркімді бір алдасаң.
Бақырдай бағаң да қалмас,
Сенімнен шыға алмасаң.

verse:
Жалған іс жаныңды баурап,
Ар-намыс жоғалғандай.
Болмысың қауымнан аулақ,
Жүрмісің соны аңғармай.
Барасың барыңды жалмап,
Қанағат, тобаң қалмай.
Ақшаға арыңды жалдап,
Сондағы жобаң қандай?!

мейрамбек,беспаев,уаде
Прокрутить вверх