1)Қалай қарасамда бөлексің досым,
Маған әрқашанда керексің досым.
Бұл өмірде сендей досым барына,барына,
Тағдырыма тәубе деймін мен досым.
Қуансам да,мұңайсам да біргесің,
Бірге жылап,бірге ойнап-күлесің.
Мен биікке жетіп жатсам егерде,егерде,
Досым оған көп қой сенің үлесің.
Қайырмасы:
Жүрегімде менің жүресің досым.
Бөлексің ғой маған білесің досым.
2)Біреу айтып есіреді мың досын,
Біреу айтып көсіледі жүз досын.
Жеме-жемге келген кезде бірақта,бірақта,
Табалмайды арасынан шын досын.
Ал,мен болсам биік ұстап басымды,
Мақтанышпен көрсетемін досымды.
Нағыз досым аман жүрші әрдайым,әрдайым,
Достығымыз асып өтсін ғасырды.