Мейрамбек Бесбаев – Ғашықпын
Жайнатқан көңілді бір ғажап сезіммен,
Бақытты болуды үйрендім өзіңнен,
Өтер мем сезбестей сезімнің барлығын,
Өзіңмен кездеспей қалғанда тағдырым.
Қ-сы:
Мен саған ғашықпын, сен оны білгейсің,
Сағынып асықтым, қарсы алып күлгейсің.
Махаббат бесігін тербетіп жүргейсің,
Жүректің есігін қақпай-ақ кіргейсің.
Тек қана айналма, әніне өзгенің.
Мен үшін айдан да, әдемі көздерің,
Болалмай серік бір, арманым жоғалған.
Сен болып келіп тұр, қол жетпес сол арман.
Қ-сы:
Мен саған ғашықпын, сен оны білгейсің,
Сағынып асықтым, қарсы алып күлгейсің.
Махаббат бесігін тербетіп жүргейсің,
Жүректің есігін қақпай-ақ кіргейсің.