Меломен – Ойлаймын
Сөзi:Еркебұлан Кенехан
Әнi:Жiгер Ауыпбаев
Күн,күліп таусылар,
Түн,суық тамшылар –
Мұңымды ұғып келген
Сен екенсің…
Ән,жүрегімдегі
Жан,тілегімдегі
Ойлаумен үміттенген
Сен екенсің…
Қайырмасы:
Ойлаймын,ойлай,
Жаныма бойлай
Арманымнан сені ғана көремін!
Ойлаймын әлі,
Жанымның бағы
Сен екенсің – сүйіп өтсем дегенім!..
Біз жетпеген арман,
Күз көктем оралған,
Құсқанат сағынышым
Сен екенсің.
Жол,созылған маған,
Мен сезіне алмаған
Іздеген табу үшін –
Сен екенсің!..