Айжан Нұрмағамбетова мен Қайрат Түнтеков
1.Сағындым ғой дедің – ау, жаным маған…
Бұлт көрдің бе таулардан мамырлаған?
Сол менің ақ жанымның ақ жалыны,
Аулақта ауылымнан дамылдаған.
Қайырмасы
Мен деп ойла самал боп есiп өткен,
Мен деп ойла нөсердi есi кеткен,
Мен деп ойла өзіңді әр күн сайын,
Мен деп ойла, өзіңді, мен деп ойла.
2.Естідің бе аспанның күрсінгенін?
Сол менің саған деген тылсым демім.
Ұйықтап жатса оянсын, ояу болса,
Күңіренген жанымды білсін дедім.
Қайырмасы
Мен деп ойла самал боп есiп өткен,
Мен деп ойла нөсердi есi кеткен,
Мен деп ойла өзіңді әр күн сайын,
Мен деп ойла, өзіңді, мен деп ойла.
Қайырмасы
Мен деп ойла самал боп есiп өткен,
Мен деп ойла нөсердi есi кеткен,
Мен деп ойла өзіңді әр күн сайын,
Мен деп ойла, өзіңді, мен деп ойла.