Кейде өмір заңы шынымен қатал ма деп қалам…Алдымен жылатады, кейін өзі жұбатады, кейде жетелеп, кейде жалғыз қалдырып, аяқтан шалып құлатады- шынымен түсінбейсің))). Дегенмен онсыз өмір қызық болар ме еді?..Жыламаса,қиналмаса, бақыттын қадірін адамзат түсінер ме еді?..Сонымен қоса өмір бізге ең тамаша сый – сезімді де сыйлады…
Сезім…оны сөзбен сөзбен жеткізу шынымен де қиын. Қыл қалам шебері болмаса, мен сияқты қарапайым жанға жан дүниесін қағазға түсіру, жалпы жеткізу қиынға соғары хақ.Кейде қанша тырыссақ та болмай, соңында: “еех Сезім!!!” деп “аһ” ұрып, терең күрсініп қоя салармыз. Басынан кешкені түсінер деп қоямыз ішімізден…
Бірақ бүгін қолыма қалам алып, қысқаша көңіл толқынын суреттеп көрмекшімін.
” Ей өмір! Қу басымды қай жағаға апармадын?… бірақ бәрібір мен сені сүйемін! Әрбір атқан таңынды, қызарып батқан күніңді де сүйемін. иә..бұл ғашық жанның сөздері…Ғашықтық керемет сезім екеніне көзім жетті. дүние есігін ашқаныма 19 жыл боп қалыпты))) Білінбей ағып өткен балалық шағым, алғашқы махаббатым…ол дәурен де өтіп кетіпті ғой. “Мен қашан нағыз махаббатымды жолықтырады екенмін??!!” деген сауал ұйқысыз түндерімде қоймай мазалайтын. “Шын ғашық болу қандай сезім?, Адам сүйгенін қалайша түсінер екен?!” дейтінмін өзіме.
Сол ғашықтық “дерті ” мені де көп күттірмеді. Сол жылдың көктемінде мен ОНЫ кездестірдім. таныстық, кешті бір ортада өткіздік, кейін араласа бастадық. Айлар өте оған көңілім ауа бастады. Күнде ұйықтар алдын да қоңырау шалып, “Қайырлы түн” тілеп тұрды. Көңілімнің оған ынтық бола бастағанын байқамаппын. Содан мен ғашық болдым. Мені оған ғашық еткен оның жан сұлулығы еді. Шынымен де мен оның жан дүниесіне ғашық болдым. Ел адамы болған соң да, халық алдында өзін ұстауы, иманға толы жүрегі пәк сезімі, ерге тән мінезі мені оған одан сайын тәнті етті.
Ол менің тынысыма айналды. Өмірімнің мәні де, сәні де ӨЗІ болды. Оны ойлаган кездерімде, айналам нұрға бөленіп, қиялыма қанат бітіп, небір шынға жетелейді. Сабақ оқуым мүлдем мүмкін емес)))..өзім жерде болсам да, ойым басқа жақта. Жүрегім ақыл-санама бағынуды қойды. Әйтеуір оны басқа біреу басқарып отырғандай! Не деген сезім десеңші…Ол дауылдай мықты, жібектей жұмсақ, гүлдей сезімтал екен! Нағыз махаббат деген осы шығар…
Осындай сезімді сезіне алғаным үшін де бақыттымын! Жүрегімдегіні жеткізе алдым ба білмеймін.. ол жағын өздеріңіз айта жатарсыздар…Бар білгенім мен онымен танысқан сәтімнен бастап осындай күй кешудемін! Сол үшін де мен Бақыттымын! Осындай бақытқа кенелуіме себепші болган СОЛ ЖАНҒА рахмет! Мен оны шынымен де сүйеді екем!
Подписаться
0 Комментарии
Старые