OST «Кеттік бәрін таста»
Бейнеңді сенің тіріліп Да Винчи келіп салғандай,
Ұйықтай алмай көзім іліп армандай бердім, армандай.
Мүсінің сенің бір мінсіз Огюсттын өзі соққандай.
Іштегі алау өзіңсіз қалар ма дедім
шоқтанбай.
Бақыт,
өзіңді танып білгенім бе?
Қасында әр кез жүргенім бе?
Шынайы қарап күлгенің бе?
Бақыт, бақыт.
Не екенін мен бұрын мүлде,
Сезінмек түгіл білмедім де.
Шынымен маған сездірдің бе?
Бақыт, бақыт.
Шын емес, жай бір елессің көңілім іздеп таба алмас.
Сен маған биік белессің Гагарин тіпті ала алмас.
Мен Гюстаф Эйфель болар ем
орныңды сенің басар кім?
Ескерткіш қылып қояр ем атыңның сенің бас әрпін.
Бір үміт беріп қал енді,
Махаббат маған керегі.
Уайымым келіп алғанда,
Үнсіздік оны демеді.
Шарлап мен сендегі әлемді,
Магеллан болғым келеді.
Бақыт,
өзіңді танып білгенім бе?
Қасыңда әр кез жүргенім бе?
Шынайы қарап күлгенің бе?
Бақыт, бақыт.
Не екенін мен бұрын мүлде,
Сезінмек түгіл білмедім де.
Шынымен маған сездірдің бе?
Бақыт, бақыт.