...

Мұншалық ғашық етердей кім едің?

Мұншалық ғашық етердей кім едің? Осы өлеңді қайта-қайта тыңдап жүргеніме 2 айдай болды. Неге екенін қайдам, сол жанға жүрегімді ашып қойғанымды өзім де байқамай қалыппын ғой. «Доспыз» деп жүріп, мені оған байлап қойған көрінбейтін жіпті сезбеппін. Иа, біз достыққа өте адал жандармыз ғой. Сол достықты қимай, ұяттан аспай, бәрін жылы жауып қоя салдық. Шын батылдық, шын сезім болғанда ештеңеге қарамаcпа еді??? Ол жігіттің несі мені баурап алды дегенде, көп ойландым. Тек рухани теңдік тауыппын. Ол деген барлық тақырыпта ашық сөйлесе алам, менің астарлап айтқан сөздерімді түсінетін сияқты болып көрінді. Ол жігіттің сезімі шынайы болды ма, осыны түсінбегенім үшін өкінемін. Көп қыздардың бірі сияқты деп қарағанда шығар. Бәрі де бір Аллаға аян. Мен ылғи да өз сезімімді басқара алам деуші едім. Әрине, басқарам. Бәрі өзімнің қолымда. Осы жігітті неге көп ойлап кеттім. Сезімім жаңадан басталғанда-ақ бір әңгімелерді естіп, бәрін жауып қойып едім. Енді үйленейін деп жатыр, – дегенді естігенде, ішім неге алай-дүлей болып кетті? Енді ешқандай үмітім болмаса да, ойлап жүрмін. Осы ойдың бәрін бір кезде қоятынымды да білем, бірақ қай кезде екенін білмеймін. Бір кездерде айтып едім: «Махаббат дегенде ажал сияқты, біреуге ерте, біреуге кеш келеді» деп… Мен өз басымнан өткен сезімімді махаббат деп айтуға тұра ма, жоқ па, оны да білмеймін. Мүмкін ол жігіттің болашақ жарының бойынан іздеген қасиеттері менде болмаған шығар. Мен ақылды қыз болғаныммен «идеальная» емеспін, оны мойындаймын. Менің де мінезім осал емес-ау. Менде пендемін ғой. Білмей істеп жатқан қателіктерім де бар шығар. Біреу туралы дұрыс ойламай, біреу туралы дұрыс сөйлемей жүрген шығармын. Артық кеткен жерлерім болса, бір Аллам кешірсін!
Мен негізі Оны түк те кіналамаймын. Бәріне өзім кінәлімін. Жүрегімді ашып, бір бұрышынан орын бергенім үшін. Ата-анам, сіңілілерімнен басқа жүрегіме тағы бір жанның сиятынын сезетінмін. «Жүрекке әмір жүрмейді» дегенде айтушы едім: ақылың болса, бәрін шешуге болады деп…. Енді сол ақылыма қайта жүгініп отырмын. Ақылым мен сезімім арпалысуда. Сол сезімімді неге ертерек айтпадым екен? Қазір ойлап қарасам, қыз баланың өркөкіректігі менде басым болыпты. Неге мен бірінші қадам жасауым керек? Неге ол батыл емес? – деген сұраққа жауап іздеп жүргенімде, бәрі кеш болып кетіпті ғой. «Армансыз адам болмайды» дейді. Сол көп армандарымның бірі: осы өмірде менің жан дүниемді, ойымды, ниетімді түсінетін, көкірегінде жігіттік намысы бар, тұжырымды ой айта алатын, тәрбиелі, қазақы болмысты жан кездессе деп ойлайтынмын. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, сол өмірді «жақсы адаммен» өткізсем деген арманым ғой. Мүмкін менің жігіттерге деген талабым өте үлкен бе немесе көп пе? Мені ешқашан жігіттердің материалдық жағдайы қызықтырған емес. Олар да маған солай қараса екен деймін. Қазір ойласам, мен қандай болсам, олардан да соны күтеді екенмін ғой. Шынайылықты, адалдықты күтеді екенмін. Ол әрбір адамда бола бермейтінін түсіндім. Бірақ та ештеңеге өкінбеймін. «Бұйырған кетпейді, қуған жетпейді» демекші, менің маңдайыма жазған адам Ол емес шығар. Орыстар айтады: «Все что не делается, все к лучшему». Может все это к лучшему. Вообще говорят: случайных встреч не бывает, либо это наказание, либо это испытание, либо это подарок судьбы. Я осознала, что это было для меня испытанием. Значит подарок судьбы меня еще ждет впереди. Я верю и надеюсь. Надежда умирает последней. Надежда у всех есть. У богатого, бедного, здорового, больного, слепого. У всех, у всех. Главное в жизни не потерять веру в себя. Три вещи никогда не возвращаются обратно: Время, Слово, Возможность. Эту фразу я запомнила на всю жизнь.
Адамнан ой жүйрік. Үйде болсын, түзде болсын жалғыз қалғым келмейді. Неше түрлі ой мені шыңға шыққызып, төмен түсіріп, сан саққа ары-бері жүгіртіп, әуреге түсіреді. Кейде өзімнен өзім қорқам.
Не жазып кеттім өзі, орыстар церковьқа барып, қуыста отырып «исповедь» жасайды ғой, сол сияқты жанымның түкпірінде жатқанды қағазға түсіріп отырмын. Қазақша «ақтарылу» дей ме екен мұны? Біреуге барып айтқанға тағы қорқам. Қазір ешкімге сенбейтін сияқтымын. Бұл жазғандарымды кім бірінші оқитынын да білмеймін.
Мен оған барып айтам ба? Жооооқ, ешқашан да! Мен өзімнің деңгейімнен, өз дәрежемнен түспеймін. Тағы да өркөкіректігім жібермейді. Енді оған айтудың еш қажеті де жоқ. Жас жұбайлардың арасына есі кеткен кіреді демекші, менің есім әлі орнында деп ойлаймын. Ондай арсыз емеспін. Оған ақ жүректен, ақ ниетіммен, шын көңілмен бақыт тіледім. Cол бақытты бір кездері маған тілеп еді, қайтарып бердім… Сол қыз бағын ашып, үбірлі-шүбірлі болсын! Ерім, үйімнің отағасы деп сыйлап өтсін! Өзі таңдаған өмірінде өкініші болмаса екен!

муншалыкты гашык етердей ким един,казакша,махаббат,хикаялары,қазақша,жайлы,ангимелер,романтикалык,романтикалық,гашыктар,ангимеси,жылататын
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх