Еленбей қап жатсадағы еңбегің
Қолымда бар алтынымсың сен менің
Көтеріп ап адалдықтың ақ туын
Адамдықтың аттама інім шеңберін
Қайталама ағаң өткен жолдардың
Жаза басқан, қателескен жерлерін
Ей, інім!
Маған уайым болашағың кейінің
Қатты айтты деп өкпелеме ағаңа
Ұрысымда жатыр менің мейірім
Бауырым!
Сен ала ғой менде бардың тәуірін
Өмір жүгі саған жеңіл болсын деп
Ағаң өзі арқап жүр ауырын
Таусылмасын қайратың мен қажырың
Сен сияқты азаматтар аз інім
Ағам бар деп арқа сүйеп келгенде
Кейде құшақ жая алмасам жазығым
Адаспай жет арманыңның шыңына
Інім саған барлығы үшін разымын!
Айтпаған соң жоқ екен деп түсінбе
Саған деген сезімдерім ішімде
Мен марқайып жүрем барлық ортада
Сенің ағаң болғандығым үшінде
Сен марқайып жүрші барлық ортада
Менің інім болғандығың үшінде
Саған берген уәделерім күшінде.