МузАРТ — Үшқоңыр ТЕКСТ

МузАРТ — Үшқоңыр
Әні: А.Қоразбаев
Сөзі: Н.Назарбаев

1. Үшқоңыр Алатаудың қойнауында,
Әкемнің ізі қалған жайлауыңда,
Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп,
Арқардың жайылатын аймағында.

Chorus:
Ай, Үшқоңырым, туған жерім,
Рахым нұры тұнған жерім,
Ай, Үшқоңырым, тал бесігім,
Жүрегімде мәңгі есімің.

2. Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар,
Бабалар тұлпарының дүбірі бар,
Бұл жерде Жамбыл-«Жәкем» өлең айтқан
Өнердің, ақындықтың тұғыры бар.

3. Шыңдарың Төле бидің қалпағындай,
Жазира жасыл әлем алқабыңды-ай,
Жуасы, қарақаты, бүлдіргені
Әжемнің шекер қосқан талқанындай.

4. Көрінер сонадайдан анық маған,
Шыңында қырандары қалықтаған,
Самғаған қыранына құмар қылып,
Өсірген ұландарын алып далам.

,, ушконыр
Прокрутить вверх