Даланың дарыны,
Ананың тәлімі дарығандай.
Өзіңдей аруға қол жеткен жанның бағы бардай.
Тарбағатайдың елігі
Шығыстың болған көрігі
Батыстың дара ержүрек ұлын ұнаттың
Өшпесін сезім жаққан жалын
Арайлап атсын ақ таңдарың
Даусыңа қонған сыңғыры мөлдір бұлақтың.
Қазақтай қайсар өр елден
Батасын алып көгерген
Қызысың елдің бақытын тапқан өнерден
Әкеңнің гүлісің, баптаған өзі қолыменен
Анаңның алтын барасың ұзап жолыменен
Барасың қимай бір елді
Қонақ боп келіп тұр енді
Төріне мынау туған жер деген жұмақтың
Өшпесін сезім жаққан жалын
Арайлап атсын ақ таңдарың
Даусыңа қонған сыңғыры мөлдір бұлақтың.
Қазақтай қайсар өр елден
Батасын алып көгерген
Қызысың елдің бақытын тапқан өнерден
Үш арыс едік бөлінбейтін,
Асыл өнерді өмір дейтін
Аяулы бүгін айналдық біздер келінге
Әр үйде туған сыңармыз
Әуені ортақ бір әнбіз
Жұлдызың жарық болсын өнер мен өмірде
Батыстың байтақ даласынан
Аралдың айдын жағасынан
Таппаған досты Шығыстың елі сыйлаған
Тәлім іздеген өлеңнен
Жалын іздеген әуеннен
Қызымыз елдің бақытын тапқан өнерден
Қызымыз елдің бақытын тапқан өнерден