Не деген көркем едің
Мұң шалса қабағыңды
Мен түгіл дала мұңды
Сен әлі тәп-тәттісің
Арманым бала күнгі
Білсең де сезбеуші едің
Жанымның өртенгенін
Қоятын жіпсіз байлап
Не деген көркем едің
Елікті еркем менің
Не деген көркем едің
Сыр толы жанарыңды
Сағынып хабарыңды
Жүрегім күтүде әлі
Жырыма жауабыңды
Өзіңе қош арай күн
Бір ғажап ертегі еді
Ешкімге ұқсамайтын
Не деген көркем едің
Елікті еркем менің
Не деген көркем едің
Ойыма оралғанда
Бақыт кеп қол алғандай
Сұлулық әлемдегі
Өзіңнен нәр алғандай
Мәңгіге кеттің бе екен
Сырымды шерте менің
Бағыңа жеттің бе екен
Елікті еркем менің
Елікті еркем менің
Не деген көркем едің