Ойын-сауық порталы

NNbek – Қыздар-ай КАРАОКЕ


Қыз деген қырдың қызыл қызғалдағы
Өмірдің сырлы сымбат сұлу сәні
Бұраң бел оймақ ауыз қызыл ерін
Жігіттің ойлайтыны бір арманы
Қыздардың теңдесі жоқ бір асыл зат
Ежелден бағалаған оны адамзат
Қыздарға әсемдікті сыйға тартқан
Ерекше мүсін берген бұл табиғат

Қайырмасы:
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қас ақ маңдай
Ашың түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қас ақ маңдай
Ашың түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай

Қыз емес қыздың аты қызыл алма
Сұлулық әсемдікті жиған бойға
Ай қабақ алтын кірпік қиылған қас
Қыздарды ұқсатамын туған айға

Жезтаңдай күсміс күлмей сырғалым-ай
Майысып қалшы бір тұрғаныңда-ай
Жәутеңдеп қарағанда бойым балқып
Білемін махаббатқа тұрғаным-ай

Қайырмасы:
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қас ақ маңдай
Ашың түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қас ақ маңдай
Ашың түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай

кыздар ай,ннбек
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments