Verse 1
Махаббатқа ұқсайтын
Жылуына көктемнің
Жатқан кезде құс қайтып
Нұрлы шуақ боп келдің.
Махаббатты білмедім
Саған ұқсас ілгері
Жүрегіміз үндесіп
Жұтылғандай бір демім.
Chorus
Шешімімсің түбегейлі
Өзгені жүрек тілемейді.
Ешкім сендей жүрегімді
Махаббатқа бөлемейді.
Қайталанбас еш мүлде
Ұқсамайсың ешкімге.
Қайталанбас еш мүлде
Сен ұқсамайсың,
Мен ұқсамаймын ешкімге.
Verse 2
Маған ғана ұнайтын
Жүрегіме ең ыстық.
Ақтарыла сыр айтып
Қиялдарда тең ұштық.
Қол созғанда мен саған
Болашаққа нұсқайсың
Ғұмыр бойы аңсаған
Махаббатқа ұқсайсың.

