...

Нұркеш Жалғасбай – Мақтанба ТЕКСТ

Әні:Нұркеш Жалғасбай
Сөзі:Оразбек Қиынбаев

Аспанды тіреп сен мейлі.
Жүрсеңде жерге жерлейді.
Келгендер қайтып кетеді,
Кеткендер қайтып келмейді.

Біреудің бағы кеш гүлдеп.
Біреулер көрмес еш құрмет.
Қолдағы барын бақиға,
Арқалап кеткен ешкім жоқ.

Қ-СЫ

Қиналып жұртың жатқанда.
Байлығыңды айтып мақтанба.
Шыдамас бір оқ атқанға.
Күшіңмен көпке мақтанба.
Кеудеңе медаль таққанға.
Атағыңменен мақтанба.
Мүсәпір болу бір сәтте,
Өзіңе олай қатты алма…

Оранып қымбат киімге.
Мұрныңды көкке шүйірме.
Сен түгіл сенен зорлары,
Өтті ғой бізге дейінде.

Күлімдеп таңың атқасын.
Бақыттың дәмін татқасын.
Өзіңді өзің мақтама,
Мақтаса жұртың мақтасын.

нуркеш,жалгасбай,мактанба,,
5 1 голос
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх