Сөзі: О. Қиынбаев
Әні: О. Мақсұтов
Сен бұл өмірдің бар мәні.
Жүрегімнің арманы.
Сен бар кезде қызық емес,
Маған қалғаны.
Сен жұлдызымсың жердегі.
Аққуымсың көлдегі.
Басқа жанды көрмей қалдым,
Сені көргелі.
Көзің баурап сендегі.
Сезім лаулап мендегі.
Менің ғана қолым жеткен тек сен,
Сен жұлдызымсың жердегі.
Мен саған ғашық адаммын.
Махаббатқа адалмын.
Сен қасымда болсаң ғана,
Бақыт табармын.
Мен сені ғана ұнатам.
Мұңға батсаң жұбатам.
Жүрегімсің жүрегімді
Қалай жылатам?