Әні: Нұрым Қуаныш
Сөзі: Дулат Құйқас
Тағы да жаңбыр жауып тұр
Есіме сені салып тұр
Терезе бойын жағалап
Моншағы мөлдір тамып тұр
Сағыныш билеп
Жүрегім оттай жанып тұр
Жүрегім сұрайды әлі сол сезімді
Жүремін тауысып сабырмен төзімді
Тілегім қайтадан бір көру өзіңді жарығым
Қара аспан әлі жылап тұр
Көз жасым жерге құлап тұр
Жамылып мұңның көрпесің
Жүрегім сені сұрап тұр
Білмеймін неге
Осы сәт бірақ ұнап тұр
Жүрегім сұрайды әлі сол сезімді
Жүремін тауысып сабырмен төзімді
Тілегім қайтадан бір көру өзіңді жарығым