Сен періштедей сымбатты едің
Оятқан аппақ сезімді
Көруге аңсап құмартқан едім
Кірпігің жапқан көзіңді
Қайырмасы
Сен басқаша едің
Сен басқаша едің
Сен басқаша едің…
Сен жаралап жанымнан өттің
Жанымды салып уайымға
Ақша бұлтты аспанымнанда биік
Жайнатқан әсем көгімді
Мен ғашық болып қалдым күйіп
Жүректен осы сәт төгілді
Барады жүрек елжіреп биік
Қандыршы келіп шөлімді
Қайырмасы
Сен басқаша едің
Сен басқаша едің
Сен басқаша едің…
Сен жаралап жанымнан өттің
Жанымды салып уайымға
Ақша бұлтты аспанымнанда биік
Жайнатқан әсем көгімді