Күз келгенде шөптің басы солмай ма
Біздің Айгүл 18-ге толмай ма
Біздің Әйгүл 18-ге толған соң
Оның көңілі махаббатта болмай ма
Ойна би биле, мұңайма ешқашан
Ақтілекті арнаймын сүйіктім саған
Ойна би биле, мұңайма ешқашан
Ақтілекті арнаймын сүйіктім саған
Ақ жүзіңе қайта қайта қарадым
Көңіліңді жүрегіме баладым
Мөлдіретіп сезімімді арнаған
Жете алмай қадамымды санадым
Қ-сы:
Талдан таяқ кесіп алып таянам
Жалаң аяқ су кешуге аянам
Жаңылмайтын сен есіме түскенде
Ұйықтап жатып шырт ұйқымнан оянам
Қ-сы:
Танысайық таныстық ау екеуміз
Өтіп жатыр өтіп жатыр кеше күз
Бақыт іздеп қыс пен жаз көктем күз
Мақсаттарға біздер қашан жетеміз
Қ-сы:
Сүйем деші сүйем деші қайталап
Дегеніңінді естіп жаным жай табады
Сүйем деші сүйем деші қайталап
Сонда сенің шын сүйгенің байқалады
Қ-сы: