Кетпе/Ketpe

Развлекательный портал

Онихология: тырнағына қарап адам таны

Тырнаққа қарап 20 астам ауру белгілерін анықтауға болады. Тырнақ ауру белгілерін біз сезгеннен әлдеқайда бұрын көрсетеді. Тырнақ күйінің диагностикасымен айналысатын ғылым – онихология деп аталады.

«Дені саудың – тырнағы бүтін»

Тырнақтың бетіндегі ақ дақтар ағзадағы цинк пен кальцийдің жетіспеушілігін білдіреді.
Тырнақтың бетіндегі тік жолақтар (қатпарлар) созылмалы қабыну процесстерін немесе ревматизмнің басталғанын аңғартады. Созылмалы өңке аурулары кезінде тырнақ беті ісініп, доғалданады.
Тырнақ түсі де біраз жайды білдіреді: қан айналымы нашарлағанда немесе анемия кезінде көкшілденеді, ал сарғыш тартқан тырнақ әдетте бауыры ауыратын немесе шылым көп шегетін адамдарда болады.
Егер тырнақ пластинасы қатпарланса, демек сізге Д витамині, кремний және кальций жетіспейді.
«Тырнағына қарап мінезін біл»

Тырнағына қарап адам тағдырын айтпасаңыз да, оның мінез құлқын біле аласыз.

Тістелген тырнақтар мазасыз, тез ашуланғыш адамдарда жиі кездеседі.
Тырнақ пішіні ұзынша келген адамдар сенімсіз, әдетте көп ойланады, шешімді тез қабылдай алмайды.
Тырнақтары қысқа болса, ішкі түйсігі емес, логикаға сүйенетін, сынауға бейім адам деп қорытуыңызға болады.
Тырнағы жалпақ адамдар бастық болуға тырысады, дауласуға да дайын тұрады.
Ұшы үшкірленіп, төмен қарай майысқан тырнақтар адамның іштарлығы мен сараңдығының белгісі. Мұндай адамдар тек үнемдеп қана қоймайды, тықақтап, бір жұмысын орындағанша байыз таппайды.
Тырнақтың әдемі болуы денсаулыққа байланысты. Ауруын жасырған өледі демекші, жасанды тырнақ жасатпай тұрып, тырнағыңызға күтім жасап көріңіз.

тырнагына карап адам таны, кенес, сулулык,кенестер,казакша кенестер,қазақша кеңестер,лайф хактар,пайдалы кенестер,пайдалы заттар,кыздарга кенестер,кыздарга комек
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь родные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которое вам поможет сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб?