Ойын-сауық порталы

Орда – Кеш мені ТЕКСТ

Орда – Кеш мені
Әні: Е.Беделхан
Сөзі: Н.Қашаған, Л.Асқар

1. Көз ілмей шықтым түні бойы, атты таң да
Мазалам бір ой кетпей қойды естен әлі
Жайдарлы шыққан күндер бірге жүрген едік
Болды ма айтшы, жаным, босқа соның бәрі?

Қ-сы:
Кеш мені, кеш енді,
Бар ма амал, менде енді?
Оралмас, бір болмас
Екі жас бірге енді.

2. Көз алмай тұрдым алдымдағы екі жастан,
Бір-біріне күлімдеп қарап, қол алысқан
Жайдарлы шыққан күндер бірге жүрген едік
Болды ма, бұдан артық менде ақ арман?

(Рэппен оқылатын сөздер):
Бағалай білмейміз біз барды
Жігіттер сүйіңдер қыздарды
Әйтпесе әр жанда бар арман
Қыз деген сол үшін жаралған.
Сезімді тұра алар бүгіп кім?
Ең ізгі ерлігі жігіттің –
Жан ұғар жақынның жоқ теңі
Бір қызды бақытты еткені.
Онсыз да бұл заман ызғарлы,
Жігіттер сүйіңдер қыздарды,
Өлуде күнәсіз сан арман
Қыз деген сол үшін арналған.

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, кеш мени
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments