Ойын-сауық порталы

Отырардағы той ТЕКСТ

Х. Шалабаева – Отырардағы той

Той басталды Отырарда,
Сұлу сырдың бойында.
Кеудесінде оты жанған,
Қызылқұмның қойнында.
Бұл аймақтың сұлулығын
Талай ақын толғаған,
Осындай той Отырарда
Бұрын – соңды болмаған.
Туған елім, Өскен жерім,

Асқар белім, Сенсің әнім менің
Сәнім менің. Алақанда аялаған
Арманым да өзіңсің.
Ақ тілегім аялаған,
Ардағым да өзіңсің.
Сендегі жас кәрінің де,
Қуанышы мол болсын,
Қазағымның әр үйінде
Дәл осындай той болсын.

Зіл қара жер қозғалғандай,
Палуандардай алысқан
Қызғалдақтай қыздар қандай,
Көз тартады алыстан.
Сол қыздарда Отырарда,
Жүрек отын жалғаған.
Осындай той Отырарда,
Бұрын – соңды болмаған.

Қайырмасы:
Отырардың күні бүгін,
Қайта туды жарқырап.
Жырлап жатыр ұлылығын,
Барлық аймақ, атырап.
Әнмен бірге тербетілем,
Күймен бірге толғанам.
Осындай той Отырарда,
Бұрын – соңды болмаған.

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, отырардагы той
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments