...

Перзентханаға не алып бару керек?

Ана атану − кез келген қыз баланың міндетімен қоса арманы. Аяғы ауыр келіншек осы арманның шын бақыт екенін түсінетін де болар. Олар үшін ең маңыздысы − бала денсаулығы мен күтімі. Ай-күні жақындағанда уайымдап, қобалжу жүкті әйелдерде көп кездеседі. Ал перзентханаға дайындықты алдын-ала жүргізген дұрыс. Назарларыңызға жүкті әйелдерге перзентханаға алып баруға қажетті заттардың тізімін ұсынамыз. Құжаттар: 1. Айырбастау картасы 2. Жеке куәлік + көшірмесі 3. Жұбайының жеке куәлігінің көшірмесі (туу туралы куәлікті жазып беру үшін) 4. Неке туралы куәліктің көшірмесі (туу туралы куәлікті жазып беру үшін) Анаға: 1. Ұялы телефон, телефонның зарядтау құрылғысы 2. Халат 3. Ішкөйлек – 2 дана (емізуге ыңғайлы) 4. Тәпішке 5. Резеңке тәпішке (душқа түсетін) 6. Емізуге арналған төстартқыш – 2 дана 7. Шұлық 8. Сүлгі 9. Бір реттік жаялықтар төсекке 10. Дәретхана қағазы 11. Иіс сабын 12. Тіс пастасы, щеткасы 13. Тарақ 14. Газдалмаған минералды су 15. Компрессиялық шөлке Балаға: 1. Жөргек – 10 дана (5жұқа, 5 қалың) 2. Көйлек – 4 дана (2 жұқа, 2 қалың) 3. Жұқа және қалың бас киім 4. Шұлық 5. Қолғап 6. Нәрестелерге арналған жаялық – 2 қорап 7. Нәрестелерге арналған дымқыл майлық сүлгі 8. Балаларға арналған сұйық сабын 9. Жаялықтың астынан жағатын крем/тальк 10. Сүлгі

перзентханага не алып бару керек, ,, сурак жауап, жуктиликти жоспарлау,жукти болу,жуктилик пен босану,калай босанады,босанган киын ба,жукти болу калай,,
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх