Ойын-сауық порталы

Қай жеріңізде қалыңыз бар?

Қалсыз адам болмайды. Ал психолог мамандар болса, адамның қалының қай жерде екеніне қарап-ақ, оның мінез-құлқы мен өмір салтының қандай екенін анықтап бере алады.
Мәселен, психологтарға сенсек, маңдайында қалы бар адамдар жаңалыққа құштар, ізденімпаз болып келеді. Маңдайдағы қал адамның еңбекқорлығына ғана емес, бақытты екенінен де хабар береді.

Оң жақ қасының үстіндегі қалы бар жандар бай әрі бақытты болатын болса, сол жақ қастың үстіндегі қал жалқаулықтан хабар береді.

Мұрынның айналасындағы қалдар қал иесінің ашуланғыш екенін білдіретін болса, еріннің айналасындағы мең тәуелсіз, жақсылыққа жаны құштар, адал, жомарт жандарға тән.

Құлақтағы қал – байлықтың белгісі.

Шынтақтағы қал – мазасыз адам.

Мойныңызда қал болса, жайлы да жақсы адам болғаныңыз.

Әйел адамның қарнындағы қал оның көпбалалы болатындығынан хабар беретін болса, еркектің қарнындағы қал сәттілік пен байлықтың белгісі.

Саусақ ұшындағы меңдер қолының жымсымасы бар адамдарға тән.

Сол жақ тізеңізде қалыңыз болса, жалқау болғаныңыз.

Оң жақ тізеңіздегі қал оның иесінің досқа бай, адамгершілігі жоғары жан екендігінен хабар береді.

кал, орналасуына байланысты тусиниктер
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments