Қайрат Нұртас & Ерболат Ержанбаев – Шаршадым
Күн шықса аяулым еркелеп
Ойлаймын “оянды ма екен” деп
Мұң еккен ең алғаш кезігіп
Жүректен жай алдың мекендеп
Қиялдап бекер аңсағам
Бәрі де жалған жалған
Қол жетпейді екен-ау саған
Шаршадым армандаудан
Түн болса ай болып шығардай
Жұлдыз боп жымыңдап тұрардай
Өзіңді іздеймін сабылып
Өзіңді түсініп ұгалмай
Қиялдап бекер аңсағам
Бәрі де жалған жалған
Қол жетпейді екен-ау саған
Шаршадым армандаудан