Сол баяғы ескі мұң
Еске түсер кешқұрым
Жоқ екенін ешкімім
Сездірді қанша рет
Ұқтырды қанша рет
365 күнім
Айналама қараймын
Пайдаланар қалай кім?
Әлі талай-талай мың
Сатқындық көрермін
Мен жүре берермін
Жүрегімді аяймын
Жақсы деген жандарда
Аяғымнан шалғанда
Көрінгенге мұң шағып
Көңілді кір шалып
Жүрмеспе ем мұншалық
Сен жанымда болғанда
Айналама қараймын
Пайдаланар қалай кім?
Әлі талай-талай мың
Сатқындық көрермін
Мен жүре берермін
Жүрегімді аяймын