1)
Көзіңде көлдей махаббат бар,
Соғылар сансыз шапалақтар.
Ай ай бізге жүрегім, ай бізге жүрегім ай.
Көңілің мұхит жағасындай,
Сөздерің жанның дауасындай.
Ай ай менің жүрегім, ай менің жүрегім!
Қ/сы
Жаным бұл қалай ғана, қалай ғана,
Сүю тағыда.
Жетесің оңай ғана, оңай ғана,
Мендей бағыңа.
Алыстау аялдамам,баяу ғана,
Жеттің жаныма.
Ай ай менің жүрегім.
2)
Жүзіңде күндей шұғыла бар,
Нұрыңа жүрек жуына алар.
Ай ай менің жүрегім, ай менің жүрегім ай.
Өртеніп сезім алауыңа,
Шамалы тұрсам боладыма?
Ай ай жаным жаныңда, ай жаным жаныңда ай?!