...

Кетпе/Ketpe

Добро пожаловать на развлекательный портал Кетпе

Қайшылы
Қайшылы – ескіден келе жатқан қазақтың ежелгі руының бірі. Бұл ру өкілдері жер жүзіне тарыдай шашылып кеткен. Қазіргі уақытта негізінен Қазақ халқының Ұлы жүз құрамындағы Сіргелі тайпасының құрамына жатқызылады. Және бір бөлігі Жалайыр тайпасының құрамында да аталады. Кіші жүз Төртқараның ішінде Қайшылылар кездеседі деген дерек те бар. Бұлардан басқа Қарақалпақ, Өзбек халықтарының құрамдас руы ретінде де кездестіреміз. Тіпті сонау Иран Ислам еспубликасының оңтүстігіндегі Фарс провинциясында көшпенді ғұмыр кешетін Қашқайлардың (Әзірбайжан мен түрікмен тілдерінің ортасындағы жеке тілде сөйлейді) құрамында жеке ру ретінде Кайшуглы, Гайшгулы немесе Гашгули атауымен кездестіруге болады. Міне осыншама территорияға шашылған ру өкілдерінің түп-төркіні қасиетті Қазығұрт пен қарт Қаратау (бүгінгі күні Бәйдібек ауданындағы Үсіктас ауылы) саналады.

Сіргелі Қайшылы

Қайшылы – шежіре бойынша Сіргелінің Үштаңбалы тармағына жатқызылады. Қазақ шежіресінде Сіргелі Ұлы жүздің құрамындағы ежелгі тайпалардың бірі. Мәселен, шежіре дерегіндегі ата-тегінің таралуына қарағанда, Сіргелі – Бақтиярдың немересі, Үйсінге аға, бауыр болып келетін Ойсылдың ұлы. Сөйтіп, қазақтың шығу тарихы сіргелілерді үйсін дәуіріне дейін апарады. Біздің ғасырдың 20-жылдарының басында Шымкент уезінде жүргізген зерттеуінің нәтижесінде Э. А. Шмидт Байұлы мен Үштаңбалыға бөлінетін Сіргелі руының ататегінің толық таралуын көрсетеді. Байұлы өз кезегінде Елібай, Жаңабай, Айтбозым, Шалдар (Қойсой, Шоман, Қоңыр), Қарабатыр, Бәйжігіт, Жайдақ (Алпар, Тұрсынай, Итемген, Жәдігер), Батыр (Құдайберді, Бердібай) болып келеді. Үштаңбалы болса: Тутаңбалы, Қайшылы, Ақкөңірдек (Шеңгелді, Маңдай, Үшқара, Қожамберді, Құдыс), Қаракөңірдекке бөлінеді. Халық аузында Ойсыл қырғыны дейтін оқиға туралы аңыз бар. Аңыздың мазмұны былай: Үйсіннің ағасы Ойсылдың отыз ұлы болады: Әліхан, Бақырхан, Қорқыт, Төбеке батыр, Тура, Шолақ, Бәйгел, Әмірбек, Өтеп, Тыныбек, Шыныбек, Нұрбек, Нұрымбет, Құлымбет, Қосақбай, Алшынбай, Жұрынбай, Байымбет, Жарымбет, Садық, Сыдық, Төлеп, Арыстан, Бораш, Жарас, Жанас, Сырымбет, Тұрымбет, Жалмамбет. Бұл жерде Ойсылдың ұлдары дегеннен гөрі, әулеті дегенге келіңкірейді. Ойсылдың ұлдарының бәрі батыр, жаужүрек болыпты. Хан Жәнібек тұсында Тұрымбет деген баласы ту ұстаушы тубегі қызметінде екен. Сырымбет деген баласының әйелі Ізбике бәйбіше ханның қамқа тонын тігетін шебер екен. Оның лақап аты Алтын қайшылы Ізбике бәйбіше болыпты. Хан Жәнібектің бір қызы бой жетіп қалып, осы Ізбике бәйбішеге келіп, киім тіктіріп жүргенде Ойсылдың Бораш дейтін мырзасына, батырына ұшырасып қалады. Бір-бірін ұнатады. Ақыр соңы қыз екіқабат боп қалады да, іс насырға шабады. Ол заманның жосығы бойынша хан мен қарашаның арасында бұндай тірлік болмауы тиіс екен. Ақыры Жәнібек хан үлкен той жасап, оған Ойсылға қараған әулетті түгел шақыртып, қымызға қызара бөрте бастаған уақытта, Жау кеп қалды! деген дабыспен сыртқа ұмтылғандардың басын қағып тастай береді. Бұл жер, Өлікті атанған. Бораш мырзаның бәйбішесі емшектегі Құбасай атты баласымен төркіндеп Байұлы-Алшын жақта болған екен, Құбасай содан аман қалып, нағашы жұртында ер жетеді. Кейіннен ер жеткен Құбасай еліне оралғанда сірге таққан таймен келіпті. Сондықтан, Ойсын қырғынынан аман қалған кейбір Ойсыл әулеті кейін еңсе тіктеп, өз алдына таңба алғанда Сірге тайлы Құбасайдың әулеті деп жүріп, барша әулет Сіргелі аталып кетеді. Бұл оқиғаны З. Сәдібековтің Қазақ шежіресі деп аталатын кітабында егжей-тегжейлі анық жазылған. Бұл еңбегін негізінен Оңтүстік Қазақстан облысы, Қаратас (қазіргі Қазығұрт) ауданындағы Қаржан топырағынан шыққан шежіреші Мелдешұлы Әлімбай ақсақалдың жазбасынан ХХ ғасырдың басында алғанын айтады. XV ғасырда Қазақ хандығы құрылғанын тарихтан жақсы білеміз. Осы кезеңге қатысты қызықты да шым-шытырық аңыздар мен деректер көп. Ойсылдың отыз ұлының қырғыны аңызы да осы кезеңге жатқызылады. Оған басты себеп аңыздағы Жәнібек хан деген кейіпкердің атауы болса керек. Бірақ, біздіңше аңыз желісіндегі бұл оқиға (егер шын мәнінде болған оқиға деп қарасақ) XV ғасырдан да ертерек болған сияқты. Аңызда Бораш мырза деген кісі аты аталады. Мырза айқындауыш титулына қарағанда не Ноғай ордасының, не Қырым хандығының елбилеуші ақсүйектерінің қатарында болған сияқты. Ноғай ордасында хан тұқымы емес, қарадан шыққан тұлғалар билік жүргізген ғой. Едіге тұқымы өзара қырқысып, орданы тоздырғанда Асан Қайғы біраз елді бастап жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығына ойысқан. Бұл қауым Қасым тұсындағы батыс тұстан қосылған елге қарағанда ертерек сіңіскендіктен әкімшілік-территориялық құрылым жағынан Ұлы жүздің қатарына жатқызылды. Аңыздағы сірге тайлы Құбасайдың елге оралуы осыны еске түсіреді.

Жалайыр Қайшылы

Жалайырдың ішіндегі Қайшылылар шежіре деректері бойынша Сіргелі-Қайшылылардың XV ғасырда ауған бір тармағы ретінде аталады. Аңыздағы Ойсыл ұрпақтарының қырғынында барша Ойсыл ұрпақтарымен бірге қаза болған Сырымбеттің хан ордасында тігіншілікпен айналысатын Алтын қайшылы Ізбике (Айызбике, Айшабике, Уызбике) ісмерден туған екі баласы аман қалады: Нан (Нәнді би) мен Тола (Төле). Ойсылдың жаулары оның ұрпағын түгел жою үшін барша тұқымын қазбалай қудалайды, қырады. Ізбике ісмер үлкен ұлы Нанды сырт көзден жасырып, өзі асырап бағады, ал Толаны қуғыннан аман алып қалу үшін өзінің төркіні Жалайыр жұртына асырыпты. Ісмер Ізбикенің Алтын қайшылы деген айқындауыш ныспысына байланысты оның балаларынан тарайтын рудың атауы мен таңбасы Қайшылы аталады. Міне, осылайша барша Қайшылы ұрпағы шежіре мен аңыз бойынша осы Нан мен Толадан таратылады. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін қос Қайшылы (Сіргелі ішіндегі Қайшылылар мен Жалайыр ішіндегі Қайшылылар) өзара қыз алыспаған. Одан кейін де екі жақтың ақсақалдары арасында қыз алысу туралы келісім-кеңес болғаны туралы оқыған да, естіген де емеспіз. Демек, әлі күнге екі Қайшылы өзара қыз алыспайды деген сөз. Бұл өзара туыстықтың тағы бір дәлелі.

Қарақалпақ ішіндегі Қайшылылар

Қарақалпақтар Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығына қараған, негізінен Түркістан маңын мекендеген, әкімшілік-территориялық бөлініске орай Ұлы жүзге жатқызылған. XVІІІ ғасырда қалмақ-қазақ соғысы ушығып, Алқакөл сұлама, Сауран айналған оқиғаларына ұласады. Ел дүрлігіп, көшкенде Қайшылылардың бір тармағы Қаратаудағы қонысынан Түркістанмаңындағы қарақалпақтармен бірге Үргеніш, Бұқара жаққа ауып, соларға сіңіп кетеді. Қазір олар қарақалпақтың Онтөрт ру арысының ірі руы. Орыс ғалымы Л. С. Толстов көрнекті ілімпаз Т.А. Жданконың Қарақалпақтардың тарихи этнографиялық очерктері атты кітабында (Москва-Ленинград. 1950ж.) қарақалпақ руларының төркіні әпсаналар түрінде жазылған. Мысалы, Қайшылы мен Қазаяқлы рулары жөніндегі әпсанада Бұқара ханы той берген. Батырлар арасында қайшылылардың бабасы Байполат пен қазаяқлылардың бабасы Сунан болған. Біріншісіне хан қайшыны тамға қылып берген, екіншісіне қаздын аяғын тамға қылған деген дерек ұсынады. Бұл дерек қарақалпақ құрамындағы қайшылылар Қаратау маңынан көшкен деген біздің ойымызды тағы да дәлелдей түседі. Өйткені, қарақалпақ құрамындағы қайшылы мен қазаяқлы руларының таңбасы қазақтың Ұлы жүз ішіндегі Сіргелінің Үштаңбалы тармағы мен оның ішіндегі Қайшылының таңбаларын еске түсіреді. Қарақалпақтар мен Бұқара ханы ауып келген екі жаңа елді (Қайшылы мен Үштаңбалы) туыстығына қарай ажыратпаған, бірге қоныс берген болып шығады, тек екіншісінің таңбасының қаздың аяғына ұқсастығына байланысты ру атауын аздап өзгерткен.
Шығыс Еуропа жұртындағы Қайшылы таңбалылар

15-17 ғасырларда Қырым хандығы Ұлы Литва княздігімен одақтас болғанын тарихтан білеміз. Бұл одақ негізінен соғыс жағдайында өзара әскери қолдап отыру, көмектер алмасып отыру мақсатында құрылған. Одақтың аясында Қырым хандығы ақсүйектерінің қатарында Ұлы Литва княздігіне одақтас әскери көмек қатарында барып, сонда қалған қайшылы таңбалы (герб) польша-литва татарларының, поляк ақсүйектерінің түпкі тегі Қаратау Қайшылылары болса керек, оған дәлел Ноғай Ордасын билеген Едіге бидің шыққан тегі. есейдің татартекті князь әулеттерінің тізімінде Қайшылы таңбалы Дәугәллә (Довгялло, Даўгяла) әулеті княздері кездеседі. Бұл әулетті түптен келгенде XV ғасырда Асан Қайғыға ілеспей қалған, не одан да ертерек уақытта Ноғай ордасындағы Сіргелі немесе Үштамғалы ішіндегі қайшылы таңбалы ақсүйек әулеттерден шыққан тұлғалардың Ноғай ордасы мен Қырым хандығының әскери қызметімен Ұлы Литва княздігіне барып, сарай маңындағы қызметтермен сонда қалып қойған тұқымынан шығады. Тіпті орыс пен белорустың танымал тарихшы-археографы Дмитрий Иванович Довгялло (белор. Дзмітрый Іванавіч Даўгяла); 1868 ― 1942) өзін орыс санағанымен, өзінің шыққан тегі Ұлы Литва княздігіне қатысты көне әулеттен шыққанын мақтан еткен екен. Демек, әулет тарихын, түп-төркіні түркі текті екенін жақсы білсе керек-ті. Бір қуанарлығы – әулет (род-қазақша ру) таңбасы, тіпті аталуы да сол күйінде сақталуы еді. Әулеттің Дәугәллә аталуы да қазаққа жақындататын сызықтың шетін бастайды (дәу большая, кәллә – голова), мұндай сөзжасамды оңтүстіктің қазақтары әлі күнге пайдаланып келеді. Тарих үшін, жазба тарихы әлі толық зерттеле қоймаған қазақ тарихы үшін мұны да қағазға бір түртіп қойған дұрыс. Халқымыздың тарихына қатысты кез-келген сызықтарын зерттей беру керек. Кейінгі ұрпақ үшін, тарихи тәлімі үшін.
Қазіргі уақыттағы Қайшылы ұрпақтары

Қазіргі күні қазақ құрамындағы Қайшылы ұрпақтары негізінен Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сарыағаш, Шардара аудандарында, Өзбекстанның Ташкент қаласының бірнеше бөліктерінде: 4 жильгородокта, Қыбырайда, Шыршықта топтасып тұрады. Таңбасы барлық Қайшылыға ортақ “Х” (қайшы) таңба, алғашқы ұраны жалпы үйсінге ортақ Бақтияр, кейінгі ұраны Ақшабдар. Жылына бір рет бас қосып отыратын Ақсақалдар алқасы жұмыс істейді, әр жыл сайын Қазығұрттағы Алтынтөбе ауылында Ғайып ата молалар қорымындағы Нан ата белгісінде арнайы ас өткізіп отырады. Алтын қайшылы Ізбике ана қайырымдық-қоғамдық қоры жұмыс істейді.

кайшылы, улы жуз, ,, орта жуз, шежире, шежире туралы, киши жуз, дастур, текст создери
2 1 голос
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.