Ең ерекше сұлуым,
Жүрегімде жылуың.
Баурап алды қылығың,
Қылығың, ей, сенің қылығың.
Көктен түскен періштем,
Тілеп едім сені іштен.
Ойы-көркі келіскен,
Менің періштем.
Chorus:
Жүрегіме не істедің?
Жаулап алды жанарың.
Жанарыңның жалыны
Жанымды өртеп барады.
Келші, қарағым,
Ей, келді қарағым.
Тек сені қаладым,
Қаладым, қаладым.
Жүрегіме не істедің?
Жаулап алды жанарың.
Жанарыңның жалыны
Жанымды өртеп барады.
Келші, қарағым,
Ей, келді қарағым.
Сені қаладым,
Қаладым, қаладым.
Сондай тәтті күлгенің,
Неге бұрын білмедім?
Қызғалдақтай құлпырған,
Гүл ме едің, ей, жаным, гүл ме едің?!
Бүгін тағы ойымда,
Жалғыз жүрсің бойында.
Сезім тұнған бойыңда,
Сенің бойыңда.

