әні: Қалдыбек Талқанбаев
сөзі: Ажар Садықова
1) Сезім сөніп қош айтысты бізбенен,
Көңіл суып, жүрегім – тас, мұз денем.
Мен аңсаған, оралмайтын бақытты,
Оралғандай сезініппін сенімен.
Бәрі алдамшы, күлу, сүю- жалғандық,
Құр елесті жүріппіз- ау арманғып.
Тәңірімнің құдіретін қарашы,
Сені маған бұйырғанын жалғанғып.
Қайырмасы:
Екі бөлек жан екенбіз білгенім,
Көз алдымнан кетер емес күлгенің
Сонау қырдан қылтиятын қызғалдақ
Тағдырыма ұқсайды екен бір менің
2) Бақыт үшін бақытсыз боп күрестім,
Көзім жетті жалғандыққа елестің
Жан тәніммен сүйе тұра өзіңді,
Енді міне жүрегіммен күндеспін.
Өзің барда өзендей мен тасынам,
Жақсы көрем, несіне мен жасырам?!
Сені ұнатқан кеудемде мұң соғып тұр
Мұңсыз нота, мұңсыз әуен ғасыр ән…