Ойын-сауық порталы

Қанат Үмбетов & Әлия Әбікен – Маxаббат мұңсыз болмайды ТЕКСТ

1-ші шумақ:

Мұңайма жаным, мерейлі,
Шаттық та, мұң да кемиді.
Солтүстіктегі мұхиттың,
Мұзыда бір күні ериді.
Жүректің сенсің сыңары,
Қолыңда сенім шырағы,
Көңілдің мұзы еруге,
Керек-ау жанның шуағы.

Қайырмасы:

Көзіңді тұман торлайды,
Көңілге күмән орнайды,
Сезімің мөлдір болса да,
Махаббат мұңсыз болмайды!
Шын сүйсең жаның тоңбайды,
Сағынсаң сағым арбайды,
Қызғансаң жүрек өртенер,
Махаббат мұңсыз болмайды!

2-ші шумақ:

Бақыттың дәмі балдай ма?
Табайын іздеп жол қайда?
Өлшеніп берген өмірде,
Өкпелетпесең болмай ма?
Жылайсың, кейде күлесің,
Тоқтатпа тағдыр күресін!
Ащының дәмін татпасаң,
Тәттіні қайдан білесің?

Қайырмасы:

Көзіңді тұман торлайды,
Көңілге күмән орнайды,
Сезімің мөлдір болса да,
Махаббат мұңсыз болмайды!
Шын сүйсең жаның тоңбайды,
Сағынсаң сағым арбайды,
Қызғансаң жүрек өртенер,
Махаббат мұңсыз болмайды!

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, канат умбетов, алия абыкен, махаббат мунсыз болмайды
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments