Әні: Бағдат Аманғазыұлы
Сөзі: Еркебұлан Кәрімұлы, Саят Әбенов
Еске салып өткемді
Қайта оралттың көктемді
Біздер ғашық болғанек
Бүгін жоқ белгі
Жаным бәрін білемін
Ұмытқан жоқ жүрегім
Бірге болсақ екен деп
Мен де тіледім
Сен деп өтті әр күнім
Сен деп өтті әр түнім
Сендей болмас еш бір жан
Менің алтыным
Жабырқады жан гүлім
Айта алмадым барлығын
Сен екенсің жазылған менің тағдырым
Мекен еттің қай маңды
Тәтті түске айналдың
Сені ұмыта алмадым
Жіпсіз байландым
Болмасам да жаныңда
Болды екен деп қабылда
Сен ғанасың бәрібір бағым барым да
Сен деп өтті әр күнім
Сен деп өтті әр түнім
Сендей болмас еш бір жан
Менің алтыным
Жабырқады жан гүлім
Айта алмадым барлығын
Сен екенсің жазылған менің тағдырым