Жадыраған жаз күнім менің
Аялайтын наз гүлім бе едің
Ең алғашқы махаббатым ай
Жанымда жүрші жалғандағы жалғызым менің
Жалын атып жанған жүрекпен
Алаулаған арман тілекпен
Сені сүйе алмай
Сүйсем қия алмай өзіңді ойлап жаным дір еткен
Қайырмасы:
Өткен түнім күнімдей болмас
Өткен күнім бүгіндей болмас
Көңіл барында өмір бағында
Жүрегімнің гүліндей болмас
Шың сезімнің сертін емдейміз
Махаббаттың дертін емдейміз
Айтқан әні бір жанған жаны бір
Мына өмірге қайта келмейміз
Қайырмасы:
Өткен түнім күнімдей болмас
Өткен күнім бүгіндей болмас
Көңіл барында өмір бағында
Жүрегімнің гүліндей болмас…