MÀTIN:
Ұзақ ұйқыдан оянған халқым
Ұмытпады дәстүрі мен салтын
Тарих – алтын, тілім – алтын
Жүрек ыстық, ақыл – салқын
Ата бабам қалдырған аманаты
Елімде жерімде жаңа таң атты
Тас атқан адамға тамақ атып
Бірігіп жасаймыз жаңа ғасыр
Мен сенемін бәрі бекер емес
Әнұран есімнен кетер емес
Тек биіктікте қалықтайтын халықпыз
Күннің астында бүркіт боп
Атам қорғаған даланың,
Топырағына аунап өскен баламын.
Менде бар тәрбие, қан жібермейді,
Отан анам гүлдене бер!(2x)
Ары қарай жолымыз жалғасады
Өзгеріс енгізетін уақыт қой
Бабамыз айтқан сөздерді
Домбыраңа үкі қылып тағып қой.
Балам бұл сенің жерің,
Бұл жерлер келген қан мен термен
Саған аманат сақта көздің қарашығындай
Бұл жерде сенің балаң дүниеге келіп шырылдайды
Бұл жерде сенің балаң дүниеге келіп шырылдайды
Атам қорғаған даланың,
Топырағына аунап өскен баламын.
Менде бар тәрбие, қан жібермейді,
Отан анам гүлдене бер!(4x)