1) Теңіз болып толқыдың да шалқыдың
Айыныңда шағалаң боп қалқыдым
Гүлім болып жайнап өскен жайлауда
Самал болып аймаладың алтыным алтыным
2) Бірге өткіздік талай күнді бал-шырын
Сымбатыңа сөздеріңе балқыдым
Бұл-бұл болып көңілімде сайрадың
Жұлдыз болып жарқырадың алтыным алтыным
3) Тамашалап сұлу бақта тау суың
Ортаға сап бөлуші едік жан сырың
Оралмасқа кеттің бе әлде сол күндер
Сағындым ғой қайда жүрсің алтыным алтыным