...

Кетпе/Ketpe

Добро пожаловать на развлекательный портал Кетпе

ҚАҢЛЫ

Ұраны «Байтерек», «Айрылмас», таңбасы:
 көсеу,  шылбыр

Қаңлы Ұлы жүз құрамына кіретін ежелгі түріктің руы (тайпасы) болып есептеледі. Бұл рудың (тайпаның ) этногенезі мен тарихы туралы жазба деректер аз емес. Сондықтан біз олардың кейбіреуіне толық тоқталамыз. Олардың ішінде аумақты тұтас зерттеу орыс шығыстанушысы Н. Аристовтың еңбегі болып табылады. Онда аталмыш автор былай деп жазады: «Қаңлылар дулаттар тәрізді ежелгі түрік руы. Бәлкім, Авеста пен Махабхаратта Қаңқа деп еске алынатындар солар шығар. Қытайлар біздің жыл санауымызға дейінгі бір жарым ғасыр бұрын Сырдариядағы, Зеравшан мен Әмударияның төменгі ағысындағы ұсақ отырықшы аймақтар бағынатын Кангюйдың ұлан-байтақ иелігіне кез болады. Кіші хандар дәуірінде (25221 ж.ж.) Кангюй мен Қаңлылар Арал мен Каспий теңіздерінің аралығындағы аландарды биледі. 568 жылы Византия елшісі Земарх Дзивул түрік ханына келіп, бұл кезде Холиат аталатын түрік қаңлыларының жерін басып өтеді. XI ғасырда Мауараннахр мен Батыс Азияны жаулап алған селжүктердің өздері қаңлы болмаса да, Рашид ад-Дин атап көрсеткендей, олардың әскерінің негізгі сүйегі қаңлылардан тұрды. Баласағұндағы соңғы қарлұқ билеушісі XII ғасырдың екінші ширегінде өзін қаңлы шабуылынан қорғау үшін Қарақиданның Гурханын шақырды.
Сұлтан Мұхаммед Хорезмшахтың қосынында Таластан келіп он мыңдаған Қаңлы қызмет етті. 1200 жылы Гинь елшісі Буксин Шыңғыс-ханға келе жатқан жолында Мауараннахрда кездескен Қаңлы руының санын айтады. Плано Карпини құмандардан (қыпшақтардан) кейін Қаңлы елімен жүріп өтті. Рубрук та 1258 жылы бұл көшпелілердің ата-жұртын басып, сапар шекті. Ақсақ Темірдің кезінде қаңлылар Сырдың оң жағасын жайлады, бірақ саны көп емес еді.
Ғасырлар бойы ортасынан оңтүстік пен батысқа басым көпшілікті аттандырып отырды, өйткені Европаға құйындай тиген ғұндар мен қыпшақтардың жауынгерлері өздерімен бірге қаңлыларды ілестіре кетіп, барған сайын олар азайып, өз ата-жұрттарында билігі әлсіреп, шығыстан дулаттар мен солтүстіктен қыпшақтар қыспағына ұшырап, Сырдарияның орта ағысындағы жағалауларға ығысты.
Қазақ-қырғыз одағына қаңлылар аз ру болып қосылады, себебі олардың көпшілігі Шайбани әулетімен Мауаранахрға кетіп қалған еді. Қырғыз-қайсақ хандары мен сұлтандарына жеке, сарай күзетшілері мен қосындардың басты құрамын (төлеңгіттерді) бере отырып, қаңлылар бүкіл қазақ даласына таран кетіп, қазіргі кезде жекелеген рулық топ ретінде тек Ташкент уезінде ғана кездеседі.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында, Н. Аристов көрсеткендей, қаңлылардың рулық тобы Ташкент төңірегінде ғана емес, сонымен бірге Жетісу уәлаятының Қапал мен Верный уездерінде де қоныстанды.
Қаңлы руының тегі туралы орыс этнографы А. Харузин өз еңбегінде ғажайып аңыз мәлімет береді. «Қаңлы тайпасы…» бір кездерде Жалайырлар сияқты жеке ру болып өмір сүрді. Қаңлы атын, Рашид ад-Диынің айтуынша, Оғыз ханның (түріктердің атасы) өз туыстарымен күресінде оның жағына шыққан түрік рулары алды: олар «малды жегіп, өз қал- қадарынша арба жасады және түріктер арбаны қаңлы дейді» деп жазды ол.
Қаңлылардың шығу тегі туралы Әбілғазы төмендегідей аңызды келтіреді: «Оғыз хан барып, татарларға тиді. Татар ханы сан мың әскерімен оған қарсы шықты; олар шайқасып, Оғыз хан кенет шабуыл жасап, оның (татар ханының) қолын быт-шыт қылды. Оғыз ханның қолына көп олжа түсті, оларды тиеп алып кетуге лау жетпейді. Олардың қасында қолы епсекті бір шебер кісі болып, ол ойланып-толғанып арба жасады. Оған қарап, бәрі де арба құрастырып, оған олжаны тиеп, бәрі үйіне қайтып келді. Арбаны «қаңлы» деп атады. Бұған дейін оның (арба) аты да, заты да болған емес, ол қозғалғанда қаңқ деп дыбыс шығаратын себепті оны «қаңқ» атады. Оны жасаған адамды «қаңқылы» деді. Бүкіл Қаңлы елі сол адамның үрім-бұтағы».
Академик В. В. Бартольд те қаңлылар туралы құнды мағлұмат беріп кетеді: «Құмандар мен қыпшақтардың түйісуі, соңғылардың қаңлылармен жақын туыстығы күмән туғызбайды. XII ғасыр мен XIII ғасырдағы мұсылман жылнамашылары қаңлы мен қыпшақ сөздерін синоним ретінде қолданады. Егер кангюй мен қаңлы атауларын өзара жақындастыру мүмкіндігі болса, онда бір кезде түрік халқының ең батысын жайлаған ежелгі тайпа қаңлылар болып табылады». Одан әрі оқымысты: «Бәлкім, қаңлылардың өнері шығар, қара қырғыздардың сөз саптауы қырғыз-қайсақтарға Енесай түріктерінің тіліне қарағанда әлдеқайда жақын тұрады». Қара қырғыз халқының құрамына енген қаңлы мен қыпшақтар туралы Аристов жазды, одан басқа Қаңлы жұртының мекені бір кезде қиыр шығысқа қарай созылып жатқаны жайында бірқатар тарихи деректер келтіруге болады.
XII ғасыр басында қаңлылар қарлұқтармен бірге Баласағұнға қатер төндірді (Джувейни); XIII ғасырдағы Алмалықта құрылған түрік иелігін қаңлылар құруы да ғажап емес, ең ақырында Рашид ад-Дин қаңлылар Наймандар жерінде, Ертістің жоғары жағында тұрды деп көрсетеді.
Қалай болғанда да, деп жазады С. Аманжолов, М. Қашғари (XI ғасыр) өзінің әйгілі еңбегінде қаңлыларды ру ретінде еске алмайды. Ол: «Қаңлы қыпшақтардың ұлы адамдарының бірі» деп жазады. Бұл тұжырым қыпшақтар мен қаңлылардың бірлігі туралы академик Бартольдтің ойына жан бітіреді, сондықтан қаңлылар хақында арнайы айтылмайтын шығар. Алайда, бұндай бірлік уақытша да болуы кәдік. XI ғасырдан кейін қыпшақтар мен қаңлылардың жеке өмір сүруі көп жайды аңғартады. Басқа қырынан қарағанда, М. Қашғари дәуірінде қаңлылардың көбісі Кіші Азияда болғаны себеп шығар дейтін ой келеді. Соңғы ұйғарым академик Гордлевскийдің зерттеулерімен пысықтала түседі, ол «оғыздан көп бұрын, елді түріктендіру жүрді. Қалаш, Қарлұқ, Қаңлы, Қыпшақтар көптен бері елдің түз тұрғындарын бағындырып жатты» деп жазады.
Қаңлылардың мүлде жоғалып кетуі туралы әңгіме туындамайтыны айқын. Махмұд Қашғари XI ғасырда ғұмыр кешкен қаңлылардан басқа, Қазақстанмен қоса, Орта Азияда өмір сүрген көптеген руларды суреттеп, қамти алған жоқ. Дегенмен, басқа деректер бойынша қаңлылардың дені Қазақстан мен Орта Азияны өте ертеден мекендеп келеді. Бұл, біріншіден, Монғол шапқыншылары (XIII ғасырдың басы) Самарқанға тигенде бұл шаһарда 40 000 қаңлы мен парсы сарбаздары бар еді. Одан әрі Темір жорықтарында айтылғандай, олар Жошы ұлысында Сырдария мен Талас арасында (Әбілғазы Баһадүр хан) ұшырасады. Қазақтардан басқа түркі халықтарының арасында қаңлылардың бар екенімен есептеспеуге болмайды. Мәселен, Алтай мен Енесай түріктерінің ішіндегі, сонымен қатар сақалар арасындағы қанғаластарды өз қандастарынан өте ертеде бөлініп кеткен ежелгі қаңлылар деп қабылдамай отыра алмаймыз.
М. Тынышбаев өзінің «Қырғыз-қазақ халқының тарихына қосымшалар» деген құнды, шағын еңбегінде қысқаша, бірақ толық қисынымен Қаңлы тарихын зерттейді. Ол «Қаңлы қытайларға кангюй атымен б. э. дейінгі II ғасырда мәлім болды» деп жазды. Дау жоқ, Қаңлы Сырдария өзенін мекендеген түрік руы. Самарқан, Бұхара мен Хорезм өңірі де қаңлыларға бағынып отырды. Б. э. алғашқы жылдарында қаңлылар ғұндармен бірігіп, үйсіндер және қытайларға қарсы шайқасты. VI ғасырда қаңлыларда төрт дөңғалақты арба болды. X ғасырда қаңлылар арасынан Селжүк әулетінің негізін салған Селжүк деген әлдекім қара үзіп шығып, XII ғасырдың екінші жартысы мен XIII ғасырдың бірінші жартысына дейін Сырдарияның жоғары жағы мен Кіші Азияда билік құрды. XI ғасырдың басында бұл рудың халарлы атты бір бөлшегі Арменияға қоныс аударды, соның негізінде XIII ғасырда болашақ
Осман империясының ұйтқысы құрылды. XII ғасырда қаңлылар Шу өзенінің бойында ұшырасады. X ғасырда Мауараннахрды баса-көктеген түріктердің ең көбі қаңлылар еді. Содан бастап, Мауараннахр Түркістан деп аталады. Хорезмшах (Мұхаммед Хорезмшах) дәуірлеп тұрғанда, Түркістанда қаңлылардың дегені жүріп тұрды; Хорезмшахтың анасы Түркен-қатын қаңлыдан шыққан болатын. Отырар қамалының әміршісі Қайыр хан оның жиені. Хорезмшахтың Шыңғыс-ханға қарсы қойған басты күші қаңлылар болыпты.
XIII ғасырда Плано Карпини мен Рубрук қаңлылар жерімен өтіп, олардың қонысын Сырдарияның төменгі ағысы мен Қарақұмда кездестірсе, Темір жорықтарынан біз олардың XIV ғасырдың аяғында Жошы ұлысының бір бөлігін құрап, Сырдария мен Талас арасында көшіп жүргенін түсінеміз. XVII ғасырдың басында Ташкент уезінде тұратын қаңлылар мен қатағандарды Тұрсын хан жеке билеп-төстеді. 1629 жылы «Еңсегей бойлы ер Есім» оңтүстік өңіріндегі қазақтарды тонағаны үшін Тұрсын ханды өлтіріп, қаңлы мен қатағандарды қуғындады. Олардың бір бөлігі Сырдың арғы бетіне бас сауғалап, қалғандары «Шанышқылы» атымен қаңлыларға қосылды.
В. Востров өз еңбегінде қаңлылардың ежелгі тайпа және олардың түркі тілдес екенін үзілді-кесілді мойындап, көрсетілген деректер негізінде рудың қысқаша тарихын шолып. ол не себептен екені белгісіз, Қаңлы руының аталық құрамы жөнінде ешқандай мәлімет бермейді.
Қаңлы руының этногенезі мен этникалық тарихы, тайпалық құрылымы мен ерекшеліктері туралы академик Ә. Қайдаровтың Қазақ энциклопедиясында мақаласы жарияланған.
Бұл мақаланы жазу үстінде ол жоғарыда көрсетілген және көрсетілмеген лингвистикалық деректерді мұқият зерттеген. Ә. Қайдаров Н. Аристов және басқалардың ізін алып, басқа мағлұматтарда кездеспейтін Қаңлы руының тайпалық құрылымын беріп, қысқаша тарихына тоқталып, олардың ежелгі түркі тілдес екенін салмақты дәлелдейді. Ә. Қайдаровтың тектану кестесінде қаңлылардың атасы Майқы би болып саналады. Қаңлы руы Сары-қаңлы мен Қара қаңлы болып екіге бөлінеді, оның үстіне Сырдария мен Жетісу қаңлылары да осылай жіктеледі. Ұлы жүз Төбейден таратсақ, одан Байтерек, одан Қаңлы, одан Қанқөжек, Келдібек. Келдібектің бірінші әйелі Сары бәйбішеден Сары қаңлы ұрпақтары, ал екінші әйелінен Қара қаңлы ұрпақтары өрбиді. Сырдария қаңлылары Сары қаңлы (олар бес ата: Аңбота, Ақынқожа, Телқожа, Омыртқа, Миям) мен Қара қаңлы (олар 6 ата: Тоғызбай, Оңбай, Тоғанай, Бақа, Батырақ, Қара). Жетісу қаңлылары да Сары-қаңлы (бес ата: Әлсейіт, Түрке, Шоқпар, Құйысқансыз және Шанышқылы) мен Қара қаңлы (6 ата: Ерезен, Қаспан, Еңке, Танта, Оразымбет, Бақа) болып тарайды. Бұл ата-текті салыстырып, Ә. Қайдаров Жетісу қаңлыларының атасы Сырдария қаңлылары болып табылады деген дұрыс қорытындыға келеді. Біздің зерттеулеріміз де соған сәйкес. Жетісуда қоныстанған қаңлының кейбір рулық тобы«Ақ қаңлы» және «Қызыл қаңлы» деп те бөлінеді, соңғылары Сары қаңлының бір тармағы Телқожа атасының ұрпақтары болып есептеледі. Сонымен қатар Ә. Қайдаровтың «Сары-қаңлы», «Қара-қаңлы», «Аққаңлы», «Қызыл-қаңлы» этнонимдерінің бірігу салдары туралы пікірі де орынды. Ол әлгілер ата-бабаларының өз есімдері түр-түсі мен киіміне байланысты емес деп санайды. Бәрінен бұрын бұл қырғыздағыдай кейбір рулардың «сол қанат» пен «оң қанат» аталатын бір-бірімен қатысты географиялық орнын анықтайды.
Жоғарыдағы деректерге сүйеніп, Қаңлы руының этногенезі мәселелерін қозғап, оларды ежелгі кангюй-түріктердің тікелей тұқымы деп санаймыз.
Қаңлы руының шығу тегі туралы әлгі авторлар пікіріне қарама-қарсы тұжырым да айтылып қалады. Мәселен, белгілі этнограф, Т. А. Жданко біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдағы кангюларды ғасырдан кейін пайда болған қаңлылармен түйістіру дұрыс емес деп есептейді. Одан әрі ол кангюлер «тек қана қаңлылар ғана емес, ертедегі этникалық қабат» деп түсіндіреді. Қаңлылардың тілдік тәуелділігіне тоқтап, «Арал маңындағы тұрғындар қаңғар-қыпшақтар этногенезінің негізіне жатады «оларды түркілендіру тек біздің дәуіріміздің ғасырында жүрді, сондықтан ежелгі кангюлерді түркі деп атауға негіз жоқ» деп түйеді.
Бұл автордың көзқарасын толық сыйлай отырып, деп жазады В. Востров, ежелгі кангюлер мен қаңлылардың этникалық астасуын көрмеу дұрыс емес деп есептейміз. Ондай ұласулар сөз жоқ болды. Шын мәнінде біз қаңлылардың Орта Азия мен Қазақстанның қазақ, өзбек, қарақалпақ халықтарының саяси және этникалық тағдырында маңызы ерекше екенін білеміз. Т. А. Жданко пікірінше, XI-XII ғасырдан бұрын пайда болған аздаған қаңлы ру- тайпалық бірлестігінің қолынан ондай әлуетті тіршілік келер ме екен? Оның үстіне Әбілғазы көрсеткендей, бұл қаңлылардың басым көпшілігін Шу мен Талас өңірінде монғол басқыншылары талқандап жіберген болатын. Бұл жерде біз кейінгі уақыттағы қаңлылардың этникалық негізін құрайтын ежелгі әрі саны көп (20 мың шаңырақ) кангюй халқымен тоқайласып отырмыз. Біз В. Востровтың ежелгі кангюйлер мен қазіргі қаңлылардың терең жалғастығы бар деген толық дәлелі бар дәйектемесін құптаймыз.
Әдеби деректерден тыс Қаңлы руының ата-тегінің кестесін жасауға өзіміздің зерттеуіміз көмектесті. Қаңлылардың шығу тегі туралы бізге мәлімет берушілеріміз де құнды мағлұматтар берді, олар: Талдықорған облысы, Қоғалы ауылының тұрғыны, 1906 жылы туған (Жалайыр) Әбілқасым Жантайлақов; Алматы облысы, Шелек ауданы Қызылжиде кеңшарының тұрғыны 1905 жылы туған (Қаңлы) Нұрыш Нүсіпов; сол кеңшардың тұрғыны 1938 жылы туған (Қаңлы) Стан Мұқашев; Алматы облысы, Шелек ауданы Ащысай кеңшарының тұрғыны 1924 жылы туған (Найман) Файзолла Балмағанбетов; Алматы облысы, Шелек ауданы, Жарсу кеңшарының тұрғыны 1928 жылы туған (Шапырашты), Қожахмет Кәрібаев аз көмектескен жоқ. Бұлардың ішінде қолында жазба шежіресі бар білгірлер, әрине, болған жоқ, соған қарамастан олардың әрқайсысы есте қалғандарымен Қаңлы туралы недәуір мәліметтер берді. Әйтсе де, көптеген рулар, аталар мен топтар туралы толық тектану кестесін бере алған жоқпыз (№ 11 қосымшаны қараңыз).
Ұлы жүздің Төбейдеп басталатын шежіресінде, қайталап айтамыз, Төбейден Бәйтерек, одан Қаңлы, одан Қанкөжек, одан екі әйел алған Келдібек аталады. Бірінші қосағы Сары бәйбішеден Сары қаңлы ұрпақтары, ал екінші әйелінен (әлде бір хан қызынан) Қара қаңлы аталары өніп-өсті. Бұл әрбір тап тіршілік ету аясына байланысты екіге бөлінеді. Мәселен, Сары қаңлылар да, Қара қаңлылар да Сырдария және Жетісуда екі атадан тұрады. Сырдарияның Сары қаңлылары бес ата: Ақбота, Ақынқожа, Телқожа, Омыртқа, Миям; Жетісудың Сары қаңлылары 6 ата: Әлсейіт, Ақбарақ, Құйысқансыз, Бозым, Ешкілі, Шанышқылы. Сырдарияның Қара қаңлысы 6 ата: Тоғызбай, Онбай, Тоғанбай, Бақа, Бадырақ, Қара; Жетісудағылар да 6 ата: Ерезен, Қоспан, Еңке, Танта, Оразымбет, Бақа. Бұл тізімнен Қызыл қаңлы мен Қаңлы рулық құрылымын қоспағанда, жоғарыда көрсетілген төрт топтан 23 ата тарайтынының өзі бұл тайпалардың бұрын көптігін көрсетеді.
Ә. Қайдаровта алғашқы бірінші буындағы аталар 22-ге жетеді. Ә. Қайдаров деректері мен біздің зерттеуіміздің айырмашылығы тек Жетісу Сары қаңлыларының этникалық жағдайына саяды. Оның Жетісу Сары қаңлылары бес атадан: Әлсейіт, Шоқпар, Түрке, Құйысқансыз, Шанышқылыдан тұрса, біздіңше олар 6 атадан құралыпты: Әлсейіт, Ақбарақ, Құйысқансыз, Бозым, Ешкілі, Шанышқылы. Біздің дерегіміз бойынша, Ақбарақтан Шоқпар, одан Түрке, демек, бұнда айрықша қайшылық жоқ. Қаңлының бұл 23 атасы туралы түтел ата-тегінің кестесін жасадық.
Кестеден көрінгендей, біз онда Шанышқылы, Онбай, Ерезен, Қоспан аталары, әсіресе, бүгінге дейінгі Жетісу Сары қаңлыларына кіретін Ақбарақ руының таралу тегін мәлімет беруші 1938 жылы туған Стан Мұқашевтан жазып алып, толық келтіріп отырмыз. Оның айтуынша, оны түпкі атасынан 12 ұрпақ бөліп тұр.
Біздің басқа бір мәлімет берушіміз 1905 жылы туған Нұрыш Нүсіпов өз атасы Ерезеннен бастап, тікелей тұқым қуалап, өз баласына дейін жеті ата өтті деп есептейді, біздіңше, бұл жеткіліксіз болып көрінеді, өйткені Ерезен Ақбарақпен бірдей бірінші ата, одан бері 12 ұрпақ ауысқан.
Сонымен, біздің Қаңлы руының тегі туралы жасаған кестеміз мүлде толық болмаса да, ол айқын суретті көз алдыңа келтіреді. Көне түріктен бір кездегі қуатты Қаңлы руы ғасырлар бойында көптеген тарихи оқиғаларды бастан кешіріп, бізге дейін бірсыпыра түрік халықтары: қазақ, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, башқұрт және басқалардың құрамында жеке этникалық топ болып жетіп отыр.
Қаңлылардың жауынгерлік ұраны «Байтерек», «Айрылмас» (Аристов, Аманжолов, Тынышбаев, Қайдаров бойышна), ал рулық таңбасы жоғарғы деректерде I (көсеу таңба).
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Қаңлы руының аталары Жетісу уәлаяты Қапал мен Верный уездерінде, Сырдария уәлаяты Әулиеата, Шымкент пен Ташкент уездерінде қоныстанып жүрді.
XIX ғасырдың аяғында Н. Аристов Қаңлының шағын тобы Верный уезінде (300 үй) кездесетінін хабарлайды (Қайдаров). Әулиеатада 350 үй (Мұқашев), Шымкентте 478 үй (Гродеков), Ташкент уездерінде 1650 үй (Мұқашев) мекендеді. Ол тағы бір тұста қаңлылар мен шанышқылардың жалпы саны 10 000 үй болды деп көрсетеді.
Ә. Қайдаров Қазақ энциклопедиясында 1885 жылы Ташкент уезінде құрамалардың 24 400 түтіні болып, олардың ішінде қаңлылар мен шанышқылылар 14 мың түтін екенін айтады.
М. Тынышбаев өз еңбегінде қаңлылар мен шанышқылардың 1917 жылғы жалпы санын уездер бойынша береді. Мәселен, Ташкент уезінде 160 мың жан, Әулиеатада 20 мың жан, Верный уезінде 10 мың жан өмір сүрген. Жоғарыдағы үш уезде барлығы 190 мың жан тұрып жатты.
Жетісу уәлаятындағы каңлылар Қапал мен Верный уездерінде қоныстанды. Сөйтіп, Қаңлы руының үш атасы Қапал уезінің жерінде Алтынемел тауларын қыстады. Қызыл қаңлы руының қауымы Арқарлы, Қоғалы, Байжанбастау, Мамырханбастау мен Дөненбайбастау шатқалдарында қоныс тепті. Қапсан қаңлы руы Қарабастау, Қасқажол, Құмалақты мен Майбұлақ қойнауларын жерсінді. Бадырақ қаңлы Құрөзек, Пішенсай, Шөладыр, Қоянкөз, Ұзынбұлақ, Майтөбе мен Манас маңайын жайлады.
Бұл аталардың көктеуі мен күзеулері өздері жеке пайдаланатын жердің төңірегінде жатты. Ол мекенге жақын тұста Шетенсай, Үшбұлақ, Қарағайлыбасы мен Доланалы шатқалдарында жайлауы орналасты. Жетісудың өзге қаңлылары Верный уезінің шығыс жағындағы Албан руы Сегізсарылармен, батыста Іле өзенінің сол жағасындағы Шапырашты руының Шыбыл аталарымен қоян-қолтық тұрып жатты.
Сырдария қаңлыларының аздаған тобы Әулиеата уезінің Талас өзенінің алқабында, Шымкент уезінің Арыс және Келес өзенінің құйылыстарында қоныстанды. Бұл өлке қаңлыларының көпшілігі Сырдың орта ағысындағы Ташкент уезінде орналасты.
Сырдария қаңлыларының негізгі шаруашылығы суармалы егіншілік болды, ал жетісулықтар егін салса да төрт түлік өсірумен шұғылданды.

канлы, қаңлы, үйсін, уйсин, ұлы жүз, улы жуз, XVIII ЖӘНЕ XIX ҒАСЫРДА ОРТА ЖҮЗ РУ-ТАЙПАЛАРЫ, он сегізінші ғасыр, ,, оң тоғызыншы ғасыр, орта жуз, орта жүз, ру, тайпа, шежире туралы, шежіре, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
5 2 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.