ҚАРАҚАЛПАҚ РУЫ
ҚАРАҚАҚАЛПАҚ РУЫНЫҢ ТАРИХЫ
Шежірелік деректерге қарағанда, Ұлы жүзде сырт қарақалпақ, Орта жүзде іш қарақалпақ, Кіші жүзде қаптал қарақалпақ деген елдер болған. Бұлар қарақалпақ халқының жүздер бірлестігімен қанаттас өмір сүрген және аралас жасаған әрқилы рулардың құрамасы. Соңынан бұлардың барлығы қалпақ немесе қарақалпақ аталып, жүздер құрамына біржолата қосылып кеткен. Мысалы, Кіші жүздің таз руының бастапқы аты қалпақ. Кіші жүздегі алаша руының бір тармағы, жаппас руының бір кесегі ертеде бөлек топ ретінде өмір сүріп, қарақалпақ деген атаумен жүргізілген. Бүгінде олар жеке-жеке аталар.
Орта жүздегі Алтай наймандары арасында әлі күнге дейін қарақалпақ атауы сақталып қалған. Арқа қыпшақтарының да белгілі бір топтары өздерін қарақалпақ қыпшақ деп атайды. Қоңыраттың қара қоңыраттар бөлегі де осындай атауға ие.
Ұлы жүзде жалайыр руларының бір бөлігі (бұлар бұрынғы Талдықорған облысы жерлерін мекендейді. Ірі елдері: кенегес пен маңғыт) осы күнде де қарақалпақ деп аталады. Қатаған бірлестігі де осылай аталып, қазір олардың азғантай тобы ғана қарақалпақ деп аталып жүр. Тізе берсек, мұндай фактілер башқұрттар арасында да, өзбектер құрамында да көп екен. Жақыннан бері Шыңжаннан келген бір қытайлық азамат сол жақтағы қарақалпақ руларының тізімін жасап, осы мәселені тереңдете зерттеумен айналыса бастапты. Әлгі жігіттің шыққан тегі терістамғалы қарақалпақ екен.
Қарақалпақ атауының айналасында ашылмаған сыр әлі де көп сияқты.
Мен қазақ халқының шежіресін жинау барысында осы жәйттерге назар аудардым. Қазіргі кезде қазақ теңгесінің тұңғыш авторы, белгілі ғалым Хайролла Мағауияұлы Ғабжалелов мырза да қарақалпақ халқының тарихын зерттеуге көңіл бөліп, соны ұйымдастыруға дайындық көруде. Бұл мәселеде тәжірибелі ғалымдарды топтастыруда.
Менің руым қарақалпақ алаша. Алаша руының ішінен табылмады. Әкем онекі ата байұлының ішіндегі Алаша, алашаның қарақалпағымыз дейтін, бірақ онда біз жоқпыз. Сонда , именно ҚАРАҚАЛПАҚ АЛАШАЛАР
Рудан тыс па?
Алашадан тараған Қарақалпақ руы болуы керек, өкінішке орай мәлімет жоқ. Ал қарақалпақ руы ол мүлдем бөлек ру.
Мен де руым каракалпак
Саламатсызба менинде Руым Каракалпак алаша менде таба алмадым?
Сәлеметсіз бе админ, меным руым жабы каракалпак, рулар шежіресінен таппадым соны тусындыре кетесызбе?
Яббы(жабы) Қарақалпақтың Қыпшақ арысына жататын урыу
Qanli onin ishinde irgaqli ruwr haqqinda kim maglumat ayta aladi toligraq
мен кошетау облысы. нанмын. руым калпак лит аргараи. блмеим
караулдардын арасында Остии. нагашыларым караулы дар. аргы атамыздын Ильяс аргарай Калай блуге. болад
мәжек қарақалпақ та шежреден таппадық..