Қарақат Әбілдина – Алматының алмасы
Сөзі:Б.Тәжібаев
Әні:Е.Хасанғалиев
Алматының алмасы
Күннің қызыл түсіндей
Ұсынғанда алмайсың
Жүрмін сәулем түсінбей
Кеткенің бе сәулем-ай
Алма жүзің алаулап
Менің дағы қалды-ғой
Жүрегімде ән ойнап
Қызыл таңнан тұрам да
Қызыл алма жинаймын
Алатаудың апортын
Сәулем саған сыйлаймын
Кеткенің бе сәулем-ай
Алма жүзің алаулап
Менің дағы қалды-ғой
Жүрегімде ән ойнап
Кеткенің бе сәулем-ай
Алма жүзің алаулап
Менің дағы қалды-ғой
Жүрегімде ән ойнап
Жалындаған гүл едің
Кұбырлардың ішінде
Алма сыйлап жүремін
Өңім түгел түсімде
Кеткенің бе сәулем-ай
Алма жүзің алаулап
Менің дағы қалды-ғой
Жүрегімде ән ойнап
Кеткенің бе сәулем-ай
Алма жүзің алаулап
Менің дағы қалды-ғой
Жүрегімде ән ойнап
Менің дағы қалды-ғой
Жүрегімде ән ойнап