Әні: Н.Тілендиев
Сөзі: Қ. Мырза-Әли
1. Асыл әжем, ғасыр әжем, аңсаған
Сағынышым сары ормандай самсаған,
Әке болып жүргенімді ұмытып
Әлі күнге еркелеймін мен саған.
2. Құлындаймын асыр салған аңғарда,
Қозыңдаймын ойнақтаған албарда.
Өзің барда қысылмаймын күлуден,
Жылауға да қысылмаймын сен сен барда.
3. Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді
Сенің жаның жүрегімде ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.
Күштіі