Ойын-сауық порталы

Қарияға бата

ҚАРИЯЛАРҒА БАТА

Түндерің тыныш болсын,
Үйлеріңе ырыс толсын!
Келіндерің есті болсын,
Ұлдарың сесті болсын.
Балаларың қуаныш әкелсін,
Немерелер жұбаныш әкелсін.
Орындарың төр болсын,
Дастархандарың мол болсын.
Қатарларың көп болсын,
Уайым-қайғыларың жоқ болсын.
Жастардың қазасын көрмеңдер,
Зұлымдардың жаласын көрмеңдер.
Еліңде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын!
Әумин.

тилектер,тілектер,казакша,куттыктаулар,құттықтаулар,қазақша,шилдехана,карияга,шалга,карт кисиге,қарт кісіге,атага,атаға
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments