Ойын-сауық порталы

ҚАРЫНДАСҚА

Сенбісің алаулаған таң-арманым,

Күйреткен сезім-төзім қамалдарын.

Сұлулықтың суреті -өзің бе едің,

Жанарыңды қадалған ала алмадым.

Арусың Қыз Жібектей бұлғақтаған,

Күлкің де, қалжының да қымбат маған.

Қарындас қылығыңа, тәнті болдым,

Жатқандай жанарыңды жұмбақ ғалам.

Гүл сезім көкірегімнен ашып көзін,

Аспанда қалықтады ғашық сезім.

Қалса да қолым жетпей,

Бірер минут

Қасында отырсам да бақытты едім’

Қай бағытқа жұмса мейлі жол шегем,

Саған бақыт іздеп табам өлкеден.

Өзің ғана бола аласың дауасы,

Сезім-жырдың жүрегімді өртеген.

Сенің орның мың қыздан да біл, артық,

Қарап қалам жанарыңа құмартып.

Тіршілікте мен бақытқа жолығам,

Қара көзім, сені ғана қуантып.

Тек өзіңсің сырласым да ақылшым,

Өзге арудан жүрегіме жақынсың.

Бір сен үшін аттанамын бел буып,

Мейлі қандай қиын сапар шақырсын.

Саған төгем жүрегімнің жылуын,

Сенсіз маған өмір, шаттық-түл үғым.

Мен қай жаққа аттанбайын бәрі бір

Күтіп тұрар сенің табалдырығың.

қарындас, карындас, куда, кұда, наз, жас жұбайлар, жас жубайлар, той, бастау, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments