...

Кетпе/Ketpe

Добро пожаловать на развлекательный портал Кетпе

Қорқыныш пен пәлекеттен қорғану дұғалары

Қорқыныш пен пәлекеттен қорғану дұғалары
Сұрақ: Қорқыныш сезімінен және пәлекеттерден қорғану, құтылу үшін не істеу керек, қандай дұғалар оқу керек?

Жауап: Имам Раббани хазреттері шәкірттерімен ұзақ сапарға кетіп бара жатып түнде бір керуен сарайға түнейді. Ол шәкірттеріне: «Бұл түні бір пәлекет шығады. (Бисмилләһпен) “Бисмиллаһилләзи лә йадурру ма’асмиһи шәйун филәрди уәла фиссәмаи уә һуәс-сәми’ул-алим” дұғасын оқыңдар» дейді. Түнде өрт шығады. Бұл хабарды естімеген бөлмелердегі кісілердің заттарының барлығы жанып кетеді. Дұғаны оқығандарға ештеңе болмайды. (Умдәт-ул-Ислам)

Дерт, пәлекет, фитна, ауру, көз тиюі, сиқыр және залымдардың жамандығынан қорғану үшін таңертең-кешке Имам Раббани хазреттері білдіргенін ойлап осы дұғаны 3 реттен оқу керек. Аяти хырз оқылғанда да осы дұғаны оқу керек.

Хадис шәрифте былай делінген:

«”Бисмиллаһилләзи лә йадурру ма’асмиһи шәйун филәрди уәла фиссәмаи уә һуәс-сәми’ул-алим” дұғасын таңертең 3 рет оқыған адамға кешке дейін, кешке оқыған адамға таңертеңге дейін ешқандай бәле-жала келмейді.» (Ибн Мажа)

Қорқынышты жерлерде және дұшпанның алдында амандықпен тыныштықта болу үшін Құрайш сүресін оқу керек. Іс жүзінде текесріп көрілген. Таңертең және кешкісін ең болмағанда 11 рет оқу керек!

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«“Әузу бикәлимәтил-ләһит-таммәти мин шәрри мә халәқа” дұғасын оқыған адамға сол жерден кеткенге дейін ешнәрсе зиян тигізе алмайды.» (Мүслим)

«Елсіз (далада, адам жоқ) жерде бір нәрсені жоғалтқан немесе жәрдем керек болған адам “Ей Аллаһтың құлдары, маған көмектесіңдер” десін! Барлық жақта сендерге көрінбейтін Аллаһтың құлдары бар. Қорқынышты жерлерде үш рет “Аллаһтың құлдары маған көмектесіңдер” деу керек.» (Табарани)

«Хасбиаллаһу уә ни’мәл уәкил сөзі барлық қорқыныштарға қарсы сақтық болып табылады.» (Дәйләми)

Қорқынышты нәрседен құтылу және тілекке қол жеткізу үшін Таха сүресінің 37-ші аятынан (уә ләқад-тан) 39-шы аятының соңына (алә айнийа) дейінгі бөлігін су өткізбейтін бір нәрсеге жазып, жеті рет орап немесе іші (жазуы) көрінбейтіндей етіп бүктегеннен кейін ламинаттап, өзімен бірге алып жүру керек. Пайдасы көп екені байқалған.

Имам Раббани хазреттері жыннан қорғану үшін және қорқынышты кездерде «Лә хаула уәлә қууата илла биллаһил алийил азыйм» оқуын әмір ететін еді.

Мұхаммед Масум хазреттері былай деген: “Дерттерден құтылу және мақсатқа жету үшін 500 рет “Лә хаула уәлә қууата илла биллаһ” деу керек, оқудың басында және оқығаннан кейін жүз реттен салауат оқып дұға ету керек.

Дерттердің, бәле-жаланың кетуі үшін истиғфар оқу да өте пайдалы, көп тәжірибеден өткен. Хадис шәрифте: «Истиғфар айтып жүретін, көп оқитын адамды Аллаһу та’ала дерттерден, қиыншылықтардан құтқарады. Оны мүлдем күтпеген жерлерден ризықтандырады» делінген. Истиғфар адамды барлық мақсаттарына жеткізеді. Тәубе ету, истиғфарды көп оқу керек. Бүкіл дерттерге, қиыншылықтарға қарсы пайдалы. Аллаһу та’ала: «Истиғфар оқыңдар, көмектеріңе келемін» деген. (Худ 52)

«Мәрақил фәлах»-тағы хадис шәрифте «Әр намаздан кейін үш рет “Әстағфируллаһ әл-азыйм әлләзи лә илаһә иллә һуәл хаййәл қаййума уә әтубу иләйһ” деп оқыған адамның барлық күнәлары кешіріледі» делінген. Бұл пақыр (Мұхаммед Масум хазреттері) парыз намаздардан кейін 70 рет истиғфар оқимын. Хадис шәрифке сай қылып үш рет «Әстағфируллаһ әлазыйм әлләзи лә илаһә иллә һуәл хаййәл қаййума уә әтубу иләйһ» деп оқығаннан кейін қалғанында тек «Әстағфируллаһ» деймін.

Әли бин Әби Бәкр «Мәариж-ул хидайа»-да былай деген:

Истиғфарлардан мәшһүр болғаны, пайғамбарымыздан хабар берілген мына истиғфар:

«Бір адам “Әстағфируллаһәл-азыйм әлләзи лә илаһә илла һуәррахманур-рахим әл-хаййул-қаййумулләзи лә йамуту уә әтубу иләйһ Раббиғфир ли” дұғасын 25 рет оқыса, бөлмесінде, отбасында, үйінде және қаласында ешқандай апат, бәле-жала болмайды.» Мұны әр күні таңертең және кешке үш реттен оқу керек. (Күніне 25 рет оқу керек, одан бөлек таңертең-кешке үш реттен оқу керек.) Ғалымдардың көбі шәкірттері мен бала-шағасына осы дұғаны оқуға кеңес берген, көп пайдасын көрген.” (2 том, 80 хат)

Қауіп-қатердің алдын алу дұғасы

Шәйһ Шиһабуддин Сухрәуәрди хазреттері былай деген:

Күнде таңертең мына дұғаны үш рет оқыған адамды Аллаһу та’ала өрттен, суға батудан және кенеттен келетін өлімнен сақтайды:

«Бисмилләһи ма шааллаһ лә қууата иллә билләһ. Бисмилләһи ма шааллаһ лә йәсукул хайра иллаллаһ. Бисмилләһи ма шааллаһ лә йәкшифуссуә иллаллаһ. Бисмилләһи ма шааллаһ куллу ни’мәтин миналлаһ. Бисмилләһи ма шааллаһ әл хайру куллуһу бийәдилләһ. Бисмилләһи ма шааллаһ лә йасрифуссуә иллаллаһ. Бисмилләһи ма шааллаһ мә канә мин ни’мәтин фә миналлаһ.»

Сұрақ: Ұйықтап жатқанда бастырылып қаламын. Үстімнен біреу басып тұратын сияқты. Не істесем болады?

Жауап: Жатарда оқылатын аяттарды дұрыс және ықыласпен оқу керек.

Сұрақ: Қасымда ешкім жоқ кезде намазға тұрғанда есіктің арасынан, терезеден, үйдің бір бұрышынан немесе артымнан біреу қарап тұрғандай, мені буындыратындай қорқамын. Бұдан құтылу үшін не істеуге болады?

Жауап: Мұндай жағдайға тап болған бірнеше оқырмандарымызға “аяти хыфз” бен “аяти хырз”ды өзімен бірге тұмар қылып алып жүрулерін, күнделікті оқылатын дұғаларды да оқып жүрулеріне кеңес берген едік. Қазір барлығы дерлік осы қорқынышты хәлдерінен арылғандарын бізге білдіруде. Сізге де осы айтылғандарды орындауға кеңес береміз.

Сұрақ: “Аяти хырз”дан басқа “аяти хыфз” делінген дұғалар бар. Бұларды өзімен бірге алып жүрудің қандай пайдасы бар?

Жауап: “Аяти хыфз” – қорғаушы аяттар. Құран кәрімдегі қорғауға байланысты аяттар жинақталып жазылған. Бұларды өзімен бірге алып жүру әр түрлі қиыншылықтардан, қаза және бәледен сақтайды. Сонымен қатар тілектеріне, мақсат-мұраттарына қауышу үшін тұмар күйінде алып жүруге немесе сурет күйінде дуалға іліп қоюға болады.

Найзағайдың жарқылдауы

Сұрақ: Аспанның күркүреуінен, найзағайдың жарқылынан, қатты жауыннан қорқамын. Оған оқитын дұға бар ма?

Жауап:

Ибн Аббас хазреттері былай деген:

Аспанның күркүлдегенін естіген адам: «Субханаллаһи юсәббиһур-ра’ду биһамдиһи уәл мәләикәту мин һифәтиһи уәһуә алә кулли шәй’ин қадир» десе оған найзағай тимейді. Егер тиетін болса мен өтемін беруді мойныма аламын. (Тәфсири Хазин)

Мына төмендегі дұғаларды да оқу мүстаһаб болып табылады. (Тахтауи)

«Субханаллаһи уә бихамдиһи, субханаллаһил азыйм.»

«Аллаһумма лә тәқтулуна биғадабика уәлә тухликуна биазабика уәафина қалбә залик.»

Алғашқы бөлімі найзағай дұғасы ретінде де оқылатын Рад сүресінің 13-ші аяти каримасының тәфсиріндегі мағынасы мынадай:

«Аспандағы гүріл(ді естігендер) және періштелер қорққанынан хамдпен, (субханаллаһи уәлхамдулиллаһ деп) тәсбих етеді. Ол (Аллаһу та’ала) найзағайлар жіберіп, онымен қалағанын ұрады. (Жағдай осындай бола тұра, шектен шыққан кәпірлер) Аллаһпен күреседі. Алайда Аллаһтың азабы өте ауыр.»

Дұшпаннан қорғану үшін

Сұрақ: Дұшпанның зиянынан қорғану үшін не істеу керек?

Жауап: Шайтан мен дұшпанның зиянынан және көз тиюінен қорғану үшін «Әстағфируллаһ мин кулли ма карихаллаһул азыйм әлләзи лә илаһә илла һуәл хаййәл қаййум уә әтубу иләйһ» деп оқу керек және оқығанда мағынасын ойлау керек. (Баршаға қажетті иман)

Мағынасы: Разы болмаған нәрселерден, істегендерімді кешір және істемегендерімді істеп қоюдан қорға ей ұлы Аллаһым! Барлық нәрсені жоқтан бар қылған және әр сәтте болмыста ұстап тұрған тек қана Сенсің! Сен әрдайым барсың!

Бәле-қазадан сақтану

Сұрақ: Бәле-қазадан сақтану үшін қай дұғаларды оқу керек?

Жауап: Ихлас, Муаууәзәтәйн (Фәлақпен Нас) және Фатиха сүрелерін таңертең және кешке үш реттен оқыған адам жанын, мал-мүлкін және бала-шағасын бүкіл бәле-қазалардан сақтаған болады. (Ислам Ахлақы)

«Үйінен шығарда екі рәкат намаз оқыған адам сырттан келетін әртүрлі бәлелерден сақтанады. Үйіне кіргенде екі рәкат намаз оқыған адам да іштегі жамандықтардан қорғанған болады.» (Бәйһақи)

««Лә илаһә иллә әнтә субханәкә, инни кунту минәз-залимин» дұғасын оқыған адам дерт пен бәледен құтылады.» (Хаким)

«Жұма намазынан кейін жеті рет Ихлас және Муәуизәтәйн сүрелерін оқыған адамды Аллаһу та’ала бір апта бәледен, қазадан, жаман нәрселерден сақтайды.» (И. Сунни)

«Түшкіргенде «Әлхамдулилләһ» деген адамды Аллаһу та’ала жетпіс түрлі бәледен сақтайды.» (Ислам ахлақы)

«Сабыр еткен адам бәледен құтылады.» (Ислам ахлақы)

Сұрақ: Жер сілкіну, өрт сияқты бәле-қазалардан сақтану үшін қай дұғаларды оқу керек?

Жауап: Көптеген дұғалар бар. Бірнешесі мыналар:

«Әузу би-кәлиматиллаһиттаммати мин шәрри кулли шәйтанин уә хамматин уә мин шәрри кулли айнин ләмматин» дұғасы әр күні таңертең және кешке үш рет оқылып өзінің үстіне немесе жанындағылардың үстіне үрленсе, көз өтуден, шайтандардың және жануарлардың зияндарынан сақтайды. (Мәуаһиб-и Ләдунниййә)

Бір адамға оқыған кезде Әузудің орнына «У’изукә» делінеді. Екі адамға оқыған кезде «У’изукумә», үш адамға оқыған кезде «У’изукум» деп айту керек.

«Жұма намазынан кейін жеті реттен Ихлас және Муауизәтәйн сүрелерін оқыған адамды Аллаһу та’ала бір апта бойы бәледен, қазадан және жаман істерден сақтайды.» (Тәрғиб-үс-салат)

«Бір жерге келген адам «Әузу би-кәлиматиллаһиттаммати мин шәрри мә халәқә» дұғасын оқыса, ол жерден кеткенше оған ешнәрсе зиян келтіре алмайды.» (Мүслим)

Имам Раббани хазреттері шәкірттерімен ұзақ сапарға кетіп бара жатып түнде бір керуен сарайға түнейді. Ол шәкірттеріне: «Бұл түні бір пәлекет шығады. (Бисмилләһпен) “Бисмиллаһилләзи лә йадурру ма’асмиһи шәйун филәрди уәла фиссәма-и уә һуәс-сәми’улалим” дұғасын оқыңдар» дейді. Түнде өрт шығады. Бұл хабарды естімеген бөлмелердегі кісілердің заттарының барлығы жанып кетеді. Дұғаны оқығандарға ештеңе болмады. (Умдәт-ул-Ислам)

Ли илафи сүресін оқыған адам қорқынышты жерлерде және дұшпанның алдында амандықта болады. Таңертең және кешке кем дегенде 11 рет оқу керек. (2/69)

Көп истиғфар ету керек. Бір хадис шәрифте: «Истиғфарды көп оқып жүрген адамды Аллаһу та’ала дерттерден, қиыншылықтардан құтқарады. Оны еш күтпеген жерінен ризықтандырады.» (Нәсаи)

М. Масум Фаруқи хазреттері былай деген: «Бәлелерден, қиыншылықтардан құтылу үшін истиғфар оқу өте пайдалы, тәжірибе етілген. Өлімнен басқа бүкіл дерттен құтқарады. Ажалы келген адамның қиналмай өлуіне көмектеседі. Әр қиыншылықтан құтылады және ризығы артады.» (2/80)

«Әстәғфируллаһәл азыим әлләзи лә илаһә иллә һүәррахманурраһим әл-хайул-қаййумулләзи лә-йәмуту уә әтубу иләйһ Раббиғфир ли» истиғфар дұғасын 25 рет оқыған адамның бөлмесінде, отбасында, үйінде және қаласында еш қашан бәле-қаза болмайды.» (Мәариж-ул-хидайа) (Бұны таңертең және кешке үш рет оқу керек.)

«Бисмилләһиррахманиррахим уә лә-хаулә уә лә-қууәтә иллә билләһил алиилазыйм» дұғасын оқудың жүйке ауруына және бүкіл ауруларға пайдасы бар екенін Әнәс бин Малик хазреттері хабар берген. (Тәфсир-и Мазһари)

казакша,қазақша,дугалар,дұғалар,коркыныштан кутылу ушин дугалар
2.3 3 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.