Әні: Қубаныч Алиев
Сөзі: Ораз Қиынбаев
1.Мәпелеп бағып баласын
Өсірген бізді анашым
Тал бесігімен тербеген
Аспан мен жердің арасын
Қайырмасы:
Таусылмас ана жыр әнім
Шөлдесем қайнар бұлағым
Алладан саулық сұрадым
Аман жүр әркез жұмағым
Уайымға ана бас ұрма
Ұл қызың шүкір қасыңда
Немерелерді жетектеп
Ғұмырың жетсін ғасырға x2
2. Қызыңмен әркез ұлыңа
Нұр толы жүзі құбыла
Арнаған сізге 100 әнім
Татымас бесік жырыңа
Қайырмасы:
3. Ақ жаулық таққан анамыз
Сіз үшін әлі баламыз
Біздерді қалай бақсаңыз
Біз енді солай бағамыз
Қайырмасы:
4. Мерйірім толы көзіңде
Бөлендік жылы сөзіңе
Бәрі үшін мәңгіге
Қарызбыз ана өзіңе
Қайырмасы: