Ойын-сауық порталы

ҚҰДАЛАРҒА АНА ТІЛЕГІ

Жас отау бүрін жарды жаңа гүлдеп,

Пенденің жетсем деген талабы көп.

Қадамың құтты болсын, құда- жекжат,

Отырмын мен де,

Сен де балалы боп.

Үмітпен ұлда өсірдік,

Қыз да өсірдік, құдалықтың міндетін ұқ.

Келінді өз қызымнан кем көрмеспін,

Жайласын жас отаудың іргесін құт.

Құданы мың жылдық деп айтпас бекер,

Қуаныш ортақ сізге,

Көңіл көтер!

Құдалар бір-бірімен тату болса,

Екі жас мұратына сонда жетер.

Болғанмен ұл менікі,

Қыз сенікі,

Екеуін тең көреді білген кісі.

Жатырмыз төсті төске түйістіріп,

Сыйластық – Құдалықтың бір белгісі.

куда, кұда, ана, тилек, тілек, наз, жас жұбайлар, жас жубайлар, той, бастау, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments