Құлшыораз — Тама тайпасының Дәулеткелді руынан тарайтын бұтақ. Құлшыораз Бигелдіұлынан тараған ұрпақ. Негізгі бөлігі — Жамбыл облысы, Сарысу ауданында, бір бөлігі — Жезқазған қаласында тұрады. Ақтөбе облысында, әлде Батыс Қазақстан облысында Құлшыораз батырдың кейінгі алған әйелінен туған балалар тұрады деген сыбыстар бар.

