Ойын-сауық порталы

Қыбырай бидің жас Төлеге берген батасы

Қыбырай бидің жас Төлеге берген батасы

Әлібектің ұлы жас Төле он беске толып,
қазақтың игі жақсылары бас қосатын
Түркістан шаһарындағы ұлы жиынға
аттанар кезінде атасы — жасы тоқсанға
қараған Жаныс Қыбырай бидің жұрт алдында
берген батасы:

Бисмилляһи-р-рахмани-р-рахим.
Он сегіз мың ғаламды
Жаратқан Алла — Құдірет!
Ақ тілекті қабыл ет;
Уа, жиналған әлеумет,
Аз-кем уақ сабыр ет.
Ақбоз мінген айдарлым,
Тарпаң туған тұмарлым,
Терлігің туға байланып,
Мандайың беріп сәріге
Сапарға шықтың — кәмелет!
Жеті қат Жердің анасы,
Жеті қат Көктің бабасы —
Алладан болғай бір пәрмен:
Ғайып ерен қырық шілтен,
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар,
Періштелер болғай панасы.
Әуелі: кіндік Ата жұрт —
Атаның қаны, Ана сүт —
Иманындай кәміл құт,
Болғанынан болары
Атаға қарап өскен ұл.
Айналаң болсын қоралы
Қызыр Бабаң құт берсін
Қасиетті дастархан —
Тоғыз жолдың торабы.
Алтын телпек, кіл қамқа —
Хандар киген кебенек
Саған келсін себелеп.
Тәж оралсын басыңа,
Тақыт келсін астыңа.
Алтын тақта тұрсаң да.
Жүз мың ләшкер құрсаң да
Айрандай ұйы қосыңа.
Қолыңа түсіп ен байлық:
Күмістен күйме мінсең де.
Жауһардак түйме түйсең де
Топырағыңа басынды ій —
Ел-жүрт қонған құт мекен
Бақ болып қонсын басыңа!
Қай сапарға шықсаң да
Қайран басың, хақ басың
Ғаділет болсын жолдасың!
Төрені төре демегін
Мәрт ұстайтын елін айт!
Қараны қара демегін
Серт ұстайтын жерін айт!
Жұртқа сөйлер сөзіңе
Жүрегінді беріп айт!
Алапат ашу, дүрсіндік —
Адасудың белгісі.
Ашық ауыз, аңғалдық —
Алжасудың белгісі.
Ел-жұртынды кең ұста,
Терезесін тең ұста.
Қаныңа біткен хас асыл
Төліңнің болсын ергісі
Ұрпағыңнан жазбасын.
Соңындағы кұлыншақ
Ақылынан азбасын!

Небір күндер болғанда
Жан-жағынды қоршалап,
Қараңғы түн қамардай
Жау торыса — жауардай
Қырық күн қырғын тұрса да
Атанға жүк артқандай
Меккеге жол тартқандай,
Алладан аян келгендей
Мыңнан жалғыз қиялап,
Туралап тартып жығатын,
Алысты жақын қылатын
Көреген дана көзді бол!
Ордалы жерде тұратын —
Думан, сауық құратын
Отыз күн ойын тұрса да
Бір хақ аян бергендей
Мыңнан жалғыз қиялап,
Туралап тартып жығатын,
Алысты жақын қылатын
Сезеген сара сөзді бол!

Айналанда ақ еділ
Хақтың жолын ту еткен —
Елің болсын ормандай.
Жау жоқ деме — досында,
Дос жоқ деме — жауында
Жүрмегейсің қорғанбай.
Кәмелетке келіпсің,
Еліңе дес беріпсің.
Мүшелерден адал от,
Қарияға аман жет.
Қай қиянда жүрсең де —
Осы батам — болсын серт!

Мақұл сөзге — дүр барсың,
Сұраса халық — берерсің.
Сүйменді құлға — сындарсың,
Әділдікке — құрбансың
Ғадал сөйле Аллаға —
Хақ жазғанын көрерсің.

Қамын жесең — жалпақ жұрт:
Қоралы жерді — қоза түт.
Ордалы жерді — оза түт.
Күндердің күні келгенде
Түбі сол жер болсын құт!

Алты Алаштан тараған,
Аш бурадай жараған.
Алтын кірпік, кек борі —
Аламан жұртқа ұлан бол!
Бола білсең, бозбалам,
Бар қазаққа ұран бол!
Алдың — мұнар, артың — күн:
Алтын балдақ, ер мүсін,
Боларынды білер кім?!
Алладан болсын бір пәрмен —
Жалпақ жұртым түр күтіп,
Аттан, балам, атқа мін!
Әумин! Аллаһу әкбар!

тилектер,тілектер,казакша,куттыктаулар,құттықтаулар,қазақша,кыбырай бидин жас Толеге берген батасы
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments