Жастықта күліп ән салайық
Қарттықты бірге қарсы алайық
Тірліктен кейде шаршасақ та біз
Бір бірімізден шаршамайық
⠀
Бір бірімізді күнде сүйіп
Сезімімізді күнде есейіп
Сөз жетпес жердің барлығында біз
Жүрегімізбен сөйлесейік
⠀
Бақ таптым сені жолықтырып
Жылынғандаймын тоңып тұрып
Маһаббат мәңгі ескірмейді
Жүре бер маған соны ұқтырып
Бақ таптым сені жолықтырып (2рет)
⠀
Ешкіммен еш сәт жарыспадым
Себебі сізбен ғарыштамын
Барлық сәттерде қасымда бол деп
Арқа сүйейтін арыстаным
⠀
Сенімге сендік сай болайын
Қараңғы сәтте ай болайын
Ерім деп әркез елжіреп тұрған
Ақ ниетіңнен айналайын
⠀
Бақ таптым сені жолықтырып
Жылынғандаймын тоңып тұрып
Махаббат мәңгі ескірмейді
Жүре бер маған соны ұқтырып
Бақ таптым сені жолықтырып (2рет)
Подписаться
0 Комментарии
Старые