...

ҚЫЗ ҰЗАТУ

Бекзаттарым-ай,
Жекжаттарым-ай,
Жекжат болып аулыма кеп жатқаның-ай!
Бала бақытын қыздан іздейді,
Қыз бақытын түзден іздейді – деген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді. Үлпілдеген үкіміз бізден – өтті, сіздерге – жетті. “Жібекті түте алмаған жүн етеді” дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де ендігі жауапкершілік – Сіздерде, құдалар!

Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз – өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының шырайы. Қыз – өмірдің бастауы. Қыз – тіршіліктің тірегі.
Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан-ақ бұлжымастай етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата-ананың болмасын көңілі тоқып, жан тебіренісіне түсері хақ. Сосын өзегін жарып шыққан балапанына: Құтты орныңа қонып, бағың ашылсын!- деп Жаратқаннан тілек тілеумен болады.

кыз узату, қыз ұзату, проводыневесты, той, от шашу, мереке, мейрам, куттыктау, құттықтау, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх