...

Қыздархан Еркінқызы – Махаббаттың қағидасы ТЕКСТ

Махаббаттың қағидасы қалай қалай
Қанша жүрек жараланды талай талай
Ескертусіз келер екен ыстық сезім
Ескертпестен кетеді екен қолын бұлғай

Ән арқылы жеткіземін жүрек мұңын
Сағыныштан жыламайтын жүрек бұрын
Бұл әнімде саған бір күн жетіп қалар
Жылап тұрып бақыт тілейм саған бүгін

Қ/сы

Өміріме қайта келіп ораласың ба
Жүрегімнің жарасын сен жаза аласың ба
Махаббаттың қағидасы осы екен деп
Өткен күнді сағынышпен еске аласың ба

Сөнген оттың шоғын үрлеп жаға аласыңба
Кеткен жолды қайта кері таба аласыңба
Махаббаттың қағидасы осы екен деп
Тәтті түс боп таң атқанда жоғаласың ба

Өткен күннің естелігін қимай қимай
Өз-өзіме кетем кейде мүлде сыймай
Күңіреніп көк аспанда күркіреп тұр
Қосылып тең жылағандай жасын тыймай

Дейміз жанға осындайда емші уақыт
Білем басқа оңай келіп қонбас бақыт
Бірі тұрса анық берген адал сертте
Бірі жолда кетер таңдап басқа бағыт

кыздархан,еркинкызы,махаббаттын,кагидасы,ани,әні,казакша,қазақша,андер,әндер,,,,,мәтіні,матини,создери,сози,сөзі,сөздері,текст песни,ән,ан,слова,слова песни,слова песен,Qoshiq,so’zlari,Qo’shiq,matni,sozi,matnlari,tekst,лирикс,lyrics
4.6 12 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх